Сенбі, 5 Сәуір 2025
3730 5 пікір 18 Сәуір, 2019 сағат 14:24

Мемлекет басшысы Мұрат Бектановты қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Мұрат Бектановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды.

Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери дайындығының жағдайы және елімізді қорғау жоспарларын жүзеге асыру жөніндегі Бас штабтың жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қауіп тудыруы мүмкін жағдайларды талдау жұмыстарын күшейту, Қарулы Күштерді одан әрі дамытудың концептуалды жолдарын әзірлеу қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, М.Бектанов Қазақстан Президентіне осы күндері өтіп жатқан «Айбалта-2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығу туралы баяндады.

Соңында Мемлекет басшысы әскери саясат саласындағы мемлекеттік органдардың жұмыстарын үйлестіру, әскери тәртіп деңгейін күшейту, сондай-ақ, өтіп жатқан оқу-жаттығу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1509
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4229
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3131