Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2510 0 пікір 7 Маусым, 2011 сағат 09:50

Қазақстан халқының 52 пайызын әйел азаматтар құрайды

Бұл туралы 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы аясындағы Іскер әйелдер форумы барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.

Қазақстанда 16 млн. 400 мың халық тұрса, соның 52 пайызын әйелдер құрайды. Яғни ел халқының басым бөлігі нәзікжандылар.

Бұл туралы бүгін Астанада Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы аясындағы Іскер әйелдер форумы барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, ҚР Президенті жанындағы Отбасы және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.

ҚР Президенті жанындағы Отбасы және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмысына тоқталған министр, өткен он екі жыл бойындағы қызметі барысында комиссияның қоғам дамуында маңызды рөл атқарғанын, әлі де көтерер жүгінің зор екендігін атап өтті. «Осыдан 20 жыл бұрын ел Тәуелсіздігінің барысында Қазақстанның әйелдер қауымы да өз күштерімен, белсенділігімен егемендікке қолдау жасап, елдің бүгінгі деңгейге жетуіне өз үлестерін қосты. Әрине, сол кездері бүкіл халыққа ауыр тиді. Бизнес үшін шағын несие беру енді ғана қолға алынды, нарық заңы түбегейлі өзгеріске ұшырады. Соның өзінде іскер әйелдер қауымы өз мүмкіндіктерін көрсете білді», - деді Г. Әбдіқалықова. Сонымен қатар, министр ағымдағы жылы халықты жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасы жүзеге асатынына тоқтала келе, онда іскер әйелдер үшін ғана емес, кәсібін енді бастайтындар үшін де үлкен мүмкіндіктер қарастырылғанын алға тартты. Сонымен қатар, министр әйелдер қауымының саясаттағы рөліне де тоқталып өтті.

ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440