Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4896 0 пікір 9 Маусым, 2011 сағат 08:24

Азаттық аңсағандар

1986 жылғы желтоқсан көтерілісі бір күнде пайда бола салған дүмпу емес. Оның алдында, әріде тоталитарлық кеңес жүйесінің өзінде ағысқа қарсы жасырын жұмыс істеген жастар қозғалыстары мен жеке дара жастар да қазақ елінің азаттығы жолында әрекет етті.

Олардың көбісі әлеуметтік, экономикалық, ұлттық және саяси мақсаттардың ішінде КСРО-дан бөліну міндетін алға қойды. Аталған ұйымдардың барлығының арасына өз тыңшыларын жіберіп, Мемлекеттік Қауіпсіздік коми­те­тінің әккі жандайшаптары оларды лезде, оп-оңай «тізе бүктірді». Осы уақыттарда мұндай жастар ұйым­дарының саны республикада жиыр­мадан асқан. Олар туралы және қазақтың қоғамдық ой-са­насын қозғауға күш салған жастар турасында, қүрылған жылдарына қарай рет-ретімен қолға түскен деректер негізінде барлығын қамти алмасақ та, әрбіріне жеке-жеке тоқталып өтуді парыз санадық.

1986 жылғы желтоқсан көтерілісі бір күнде пайда бола салған дүмпу емес. Оның алдында, әріде тоталитарлық кеңес жүйесінің өзінде ағысқа қарсы жасырын жұмыс істеген жастар қозғалыстары мен жеке дара жастар да қазақ елінің азаттығы жолында әрекет етті.

Олардың көбісі әлеуметтік, экономикалық, ұлттық және саяси мақсаттардың ішінде КСРО-дан бөліну міндетін алға қойды. Аталған ұйымдардың барлығының арасына өз тыңшыларын жіберіп, Мемлекеттік Қауіпсіздік коми­те­тінің әккі жандайшаптары оларды лезде, оп-оңай «тізе бүктірді». Осы уақыттарда мұндай жастар ұйым­дарының саны республикада жиыр­мадан асқан. Олар туралы және қазақтың қоғамдық ой-са­насын қозғауға күш салған жастар турасында, қүрылған жылдарына қарай рет-ретімен қолға түскен деректер негізінде барлығын қамти алмасақ та, әрбіріне жеке-жеке тоқталып өтуді парыз санадық.

«Жас тұлпар» орталық тыңшыларын ұйқысынан оятты
Қазақтың жас ұлт зиялылары бір ұйымның төңірегінде топтасып әрі жекелей жұмыстарын Қазақ­станда ғана емес, қылышынан қан тамған орталық - Мәскеудің өзін­де жүргізгендігіне «Жас тұлпар» ұлттық-демократиялық бейресми ұйымы дәлел. 1960 жылдары Мәс­кеудің маңдайалды жоғары оқу орындарында оқып қана қоймай, ұлт мәселесінде саяси белсенділік танытқан бір шоғыр қазақ жастары «Жас тұлпар» ұйымын құрды. Жас­тардың бұл бірлестігін ұйым­дастырушылар Мұрат Әуезов, Болатхан Тайжан және де Алтай Қадыржанов болды. Олардың айтуынша, «Жас тұлпар» ұйымы бас­тапқыда мыңға жуық студент­терді біріктірсе, кейіннен ол гео­графиялық жағынан да кеңейе келе Ленинград, Киев, Одесса, Рига қалаларында қанатын кеңге жайды. Ал Қазақстанның өзінде Алматы, Павлодар, Ақмола және Шымкент сынды аймақтарда да ұйымдастырылып, Қарағанды қа­ласында «Жас қазақ» және Семей қаласында «Тайшұбар» деген аттар­мен жұмыс істеді.
«Жас тұлпар» ұйымының мақ­сат-мұраты не еді? Енді осы сұ­рақ­қа жауап іздеп көрелік. Мәскеуде білім ала жүріп қазақ жастарының байқағаны, өз елінің қатардан қалып бара жатқаны еді. Бұл, әсі­ресе, әрине ұлттық мәселе тұрғы­сы­нан дамуда, ана тілінің өркен жая алмауында, ата салт-дәстүрін дамыту мәселесінде анық бай­қал­ды. Сондықтан олар осы олқы­лық­тың орнын толтыруды өзде­рі­нің азаматтық парызы деп са­нады.
Кеңестік биліктің қызыл ком­му­нистері «Жас тұлпар» ұйымы­ның соңына түсіп жүріп, оларды тарқатып тынғанымен, мыңдаған қазақ жастарының санасында маздап жанған ұлт-азаттық идея­сын өшіре алмады.


Осы жұрт Махметті біле ме екен?

Жоғарыда айтып кеткендей жасырын саяси партиялармен қа­тар жекелеген жас азаматтар да ас­тыртын іс-қимылға көшті. Сон­дай саяси лидерлердің бірі - Мах­мет Құлмағамбетов еді. Ол елдегі жүргізіліп жатқан мемлекеттің саясатына өзінің қарсылығын ашық білдірді. Махмет Құл­ма­ғамбетов 1962 жылы Қостанайдың Рудный қаласында тұтқындалып, 58-баппен 10 жылға сотталады. Махмет бостандыққа шыққаннан кейін Сібірдің газ тарту кұр­лы­сында еңбек етеді, кейін шетелге шығып кетуге мүмкіндік алып, Ке­ңестер одағының басты жауы Американың «Азаттық» радио­сын­да қызмет етіп, кеңестік ком­мунистік қоғамды қатты сынға ал­ған материалдар беріп отырды.
Осы ретте айта кетерлігі, сексе­нінші жылдары кеңестік жүйеге деген наразылығы іште қыз-қыз қайнап жүрген қазақ ин­тел­легенттері ашық күреске бар­маса да, өз саласында халыққа қажетті деген істерді тындыруға тырысты. Айталық, жоғары би­лікте жүрсе де Өзбекәлі Жәні­беков қазақтың рухани дүниесін түгелдеуде біршама жұмыстар атқарды. Өзінің сенімді әрі озық ойлы әріптестерімен бірге 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің шешімімен жазықсыз отыз жетінші жылдар репрессиясының құрбандары бол­ған ұлтымыздың біртуар арыстары, Алаш қозғалысының көсемдері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұ­мабаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытовтарды алдымен саяси жағынан, кейінірек аза­мат­тық жағынан ақталуларына үлкен ықпал етті. Бұл қылышынан қан тамып тұрған жүйені мойындатып, ұлы тұлғаларды халқының рухани айналымына қайта қосу айтар­лықтай жаңалық әрі жанқиярлық еңбектің нәтижесі еді.
Дегенмен қазақ зиялыла­ры­ның ішінен есімі Хельсинкидегі саяси тұтқындар тізіміне кірген екі қазақтың бірі - Махмет Құл­ма­ғамбетов болса, екіншісі - жиыр­ма үш жасында саяси дис­си­дент атанған Хасен Қожа Ахмет.


Жиырма үш жасар диссидент - Хасен Қожа-Ахмет

Жетпісінші жылдардағы Қазақстандағы диссиденттік бас көтерулердің көш басында жиырма үш жасар саяси күрескер Хасен Қожа-Ахмет тұрды. Оның өзінің әріптестерінен айыр­ма­шы­лығы тайсалмағандығында, жү­рекжұтқандығында және ашық күресті таңдағандығында еді. Ал­маты облысының Есік қаласында тұрып, еңбек еткен ол 1975 жыл­дың күзі мен 1977 жылдың көкек айларында жеке өзі өкіметке қар­сы үнпарақтар шығарумен ай­налысты. Кеңес Одағы мен КОКП-да орын алып отырған ұлт­тарды кемсітушілік саясатын әш­керлейтін 670 дана мақала мен үнпарақ таратады. 1979 жылы кө­кек айында дайын тұрған үнпа­рақ­тарын тарату үшін Алматыға келіп, мал дәрігерлік институ­­тының студенттеріне таратып жат­қан сәтіне МҚК қызметкерлері оны тұтқынға алады. Сөйтіп, ол «ке­ңестік мемлекеттік және қо­ғам­дық құрылысқа тіл тигізгені үшін» Ал­маты облыстық сотының шеші­мімен 1977 жылы 13 қара­шасында Қазақ ССР Қылмыстық істер Кодексінің 170-171-бабы бойынша екі жылға бас бостан­дығынан айырылады. Ал 1986 жылы әйгілі Желтоқсан оқиғасына қатысты деген айыппен Қазақ КСР Қыл­мыстық істер Кодексінің 60 және 65-бабы бойынша тағы да 1987 жылы 22 сәуірде төрт жылға сот­талды. Ал алғаш рет сотталған Хасен Қожа-Ахметтің есі­мі 1977 жылы Хельсинкидегі саяси тұт­қындар тізіміне кірді.
Қазір екінің бірінен кешегі мен бүгінгі өміріміз туралы түрлі сын пікірлерді естуге болады. Сол себептен де «қалың ұйқыда жатқан ұлттық сана-сезімді соңғы бірер жыл оятты» деген кесіп-пішкен пікір жиі айтылады. Ал шындыққа жүгінсек, халық қайта құруға де­йін де шырылдап, өз үнін айғақ­тау­ға ұмтылған екен. Соның жар­қын бір дәлелі - Хасен Қо­жа-Ахметтің өмірі. Жап-жас жігіттің атқарған іс-әрекеттерінің бәрі ұлттық намыспен бірге тұтасып жатыр.
Иә, ақынжанды әрі сазгер аза­матты саясаткер еткен халқының бодандықта болғаны еді. Нә­тижесінде бейбіт заманда саяси көзқарасы үшін екі рет сотталып, жастық өмірінің ең қызықты сәт­терін түрмеде өткізуге тура келді. Қылышынан қан тамған жет­пісінші жылдары өзінің әлеуметтік теңсіздікке деген көзқарасын ба­тыл айтып, билік жүйесін айыптап, айтқанынан қайтпағаны үшін түрмеге айдалып кете барған бар-жоғы 23 жасар жігіттің ар тазалығы мен өз ұлтына деген сүйіс­пен­шілігіне қайран қаласың.
Әйгілі 1986 жылдың ызғарлы жел­тоқсанында да Ұлттық Қауіп­сіздік комитетінің қара тізімі бо­йынша Хасен алаңға шыққаны үшін бұрынғы айыбы алдына көлденең тартылып, тағы да 4 жыл­ға сотталып кете барды. Ол өзі «істі» боп кетсе де саяси көзі­қарақ­тылығын алға ұстап, алаңға шыққан қаншама жасты қанды соққы мен түнек түрмеден құт­қарды.
Бірақ тоталитарлық режим жас демократ Хасенмен санаспай тұра алмады. Оның түрмеде оты­рып жазған (өкімет өтінішімен) Жел­тоқсан жайлы саяси көзқарасы өзін де, өзі сияқты жазықсыз айып­тыларды да бостандыққа шығарды. «Желтоқсан» ұлттық-демо­кра­тия­лық партиясының жетекшісі ретінде ол Желтоқ­сан­ның жүзінші тұтқынын бос­тан­дыққа шығару үшін күрес жүр­гізді.

Б.ТӨЛЕПБЕРГЕН

aikyn.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504