Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
4340 0 пікір 29 Сәуір, 2019 сағат 10:51

Иран жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау ұйымынан шығуы мүмкін

Иран АҚШ тарапынан салынған санкцияларға жауап ретінде Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау ұйымынан шығу мүмкіндігін қарастыра бастады. Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Джавад Зариф жексенбі күні мәлімдеді.

Оның айтуынша, Тегеран Құрама Штаттардың әрекетіне жауап қатудың бірнеше нұсқасын қарастырған, келісімнен шығу - сол нұсқалардың біріне жатады.

АҚШ сәуір айында санкция тізіміне Иран қарулы күштерінің мәртебелі бөлімі - Ислам революциясын қорғаушылар корпусын да қосты. Вашингтон бұл бөлімді террористік әрекеттерді қолдады деп айыптады. Бұған қоса АҚШ мамыр айынан бастап Иран мұнайын алуға бірқатар елдерге берген жеңілдіктерінің күшін жояды. Оның үстіне Вашингтон Ираннан мұнай сатып алған кез келген санкция салатынын қатаң ескертті.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұның алдында Иранмен арадағы "ядролық келісімнен" шығатынын мәлімдеді. Вашингтон Тегеранды келісім шарттарын бұзып, Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақсыздандырды деп айыптады. ЕО елдері, Ресей және Қытай АҚШ-тың бұл әрекетін құптамады.

Иранның Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау туралы келісімнен шығу ниеті ядролық қаруға ұмтылмау жауапкершілігінен бас тартатындығын көрсетеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 636
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2663
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2492
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1558