Сенбі, 23 Қараша 2024
4312 0 пікір 30 Сәуір, 2019 сағат 10:36

Ресей Қазақстан мен Қырғызстанға аударылатын ақшаға лимит орнатты

Ресейдің Орталық банкі Вьетнам, Қазақстан, Қырғызстан және Қытайға аударылатын ақшаға лимит орнатты. Бұл туралы "Ведомости" үш дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Газет мәліметі бойынша, лимит 16 сәуірден бастап күшіне енген. Қазақстан үшін ол айына 150 мың рубль болса, қалған елдерге 100 мың рубль бекітілген. Осылайша мекеме жасырын операциялармен осылай күресуді көздеп отыр.

Тағы бір дереккөз мәліметіне қарағанда, Ресей нарығында сауда жасайтын шетелдіктер тауар сатып алу үшін ақша аударады, бірақ заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелмейді. Ақша негізінен осы елдерге жиі аутарылады, соған байланысты оларға лимит орнатылған.

РБК мәліметі бойынша, Ресейден аударылатын ақша көлемі бойынша Өзбекстан алда тұр (2018 жылы 14 млрд доллар аударылған), екінші орында — Қырғызстан ($1,3 млрд). Қытай төртінші орынға тұрақтады($675 млн), Қазақстан — орында ($392 млн), ал Вьетнам — 12-орында ($175 млн) орналасты.

Өткен жылы еңбек мигранттары әлем бойынша туған елдеріне 529 млрд доллар аударған. Ақша аударылымы 2017 жылмен салыстырғанда 9,6 пайызға өскен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340