Жұма, 22 Қараша 2024
Саңлақ 6581 3 пікір 1 Мамыр, 2019 сағат 10:20

Допинг дауына ұшыраған Полторанин ұлттық құрамаға шақырту алмады

Шаңғы жарысынан Қазақстан ұлттық құрамасының 2019-2020 жылғы жаңа маусымға дайындалатын құрамы белгілі болды.

Жаңадан жасақталған ұлттық құрама сапына 15 спортшы еніп отыр. Оның құрамында 9 ер және 6 әйел шаңғышы бар.

Қазақстан құрамасы:

1. Олжас Климин (Ақмола облысы)
2. Виталий Пухкало (Қостанай облысы)
3. Денис Волотка (Ақмола облысы)
4. Евгений Величко (Ақмола облысы)
5. Константин Борцов (Ақмола облысы)
6. Наиль Башмаков (Алматы)
7. Әсет Дүйсенов (Алматы облысы)
8. Иван Люфт (ШҚО)
9. Дәулет Рақымбаев (Алматы)
10.Валерия Тюленева (Ақмола облысы)
11. Анна Шевченко (Павлодар облысы)
12. Дарья Ряжко (Павлодар облысы)
13. Эльмира Мутагарова (Ақмола облысы)
14. Ольга Мандрика (Ақмола облысы)
15. Ксения Шалыгина (Алматы)

Айта кетерлгігі, бұл тізімде допинг дауына ұшыраған Алексей Полторанин жоқ. Сондай-ақ спорт шебері Ангелина Шурыга, спорт шебері Марина Матросова, халықаралық дәрежегі спорт шебері Елена Коломина, спорт шебері Ирина Быкова және спорт шебері Анжелика Тарасова секілді тәжірибелі спортшыларда құрамаға шақыртылмаған.

Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Полторанин биыл 27 ақпан күні Австрияның Зеефельд қаласында әлем чемпионатына қатысып жатқан допингке қарсы ережелерді бұзды деген күдікке іліккен болатын. Сөйтіп, ол жарыстартан уақытша шеттетілді.

Бұл туралы Қазақстан шаңғы федерациясының ресми сайтында хабарланды.

"Алексей Полторанин Халықаралық шаңғы федерациясының шешімімен жарыстардан уақытша шеттетілгені" - деп жазды.

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин 2013 жылы Италияда өткен әлем чемпионатында классикалық әдіспен 50 шақырымдық шаңғы жарысында қола жүлдегер атанды. Ол Әлем кубогының кезеңдерінде оннан астам алтын медаль алған. Полторанин 2022 жылы Бейжіңде өтетін Олимпиада ойындарына бармайтынын мәлімдеген.

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322