Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1944 0 пікір 15 Маусым, 2011 сағат 05:14

Мәсімов бүгін қырық алтының қырқасына шықты

Бүгін  - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың туған күні. Қажымқанның ұлы сонымен қырық алтының қырқасына шығып отыр.

Кәрім Қажымқанұлы 2007 жылы  әлемдік қаржы дағдарысының қара дауылы тұрған кезде Қазақстанның атқарушы билгін қолға алып, дағдарысқа қарсы бірнеше бағдарлама қабылдап жіберген болатын. Оның сондай ерлігіне әрдайым сүйсінетін еліміздегі орыстілді баспасөз Кәрекеңді «антикризисный премьер» деп әспеттейді. «Антикризисный премьеріміз» осы жылдың төртінші айында төпелеп өте шыққан президент сайлауынан соң іле-шала орынтағына қайтадан жайғасты. 8 көкек күні түс ауа парламент сарайына барып депутаттарға Кәрім Мәсімовтың кандидатурасын ұсынған  Елбасы Назарбаев «бүгінгі уақытқа осы адамды тағы да қолай көрдім, ол қаржы дағдарысынан ел экономикасының қабырғасын күйретпей алып шықты» деген-ді. Мәсімовтың кандидатурасын қолдап депутаттардың жүз пайызы дауыс берді. Естеріңзге сала кетейік, Мәсімов үкіметінің тұсында елімізге қытайдан 13 млрд доллар инвестиция құйылды, үш мемлекеттің арасында кеден одағы құрылды.

Кәрім Мәсімов 1965 жылы туған.  Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы Университетін, одан кейін Қазақ мемлекеттік басқару университетін бітірді. Пекин  институтында қытай тілін оқып-үйренді, Ухань университетінің Заң институтында және Колумбий университетінде  сынақ мерзімінен өтті. Халықаралық құқық жөніндегі маман, экономист.  Экономика ғылымының докторы.  Ағылшын, қытай, араб тілдерін меңгерген.

Көлік және коммуникация министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, экономика және бюджетті жоспарлау министрі, ҚР Премьер-Министрінің  орынбасары лауазымдарында болды.

2007 жылдың қаңтарынан Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562