Жұма, 22 Қараша 2024
Әлеумет 7514 12 пікір 8 Мамыр, 2019 сағат 17:11

Мұхтар Құл-Мұхаммедтің әкесі Абрар Әкетайұлы дүниеден озды

Бүгін ҚР мемлекет және саясат қайраткері, Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс комитетінің басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің әкесі Абрар Әкетайұлы Құл-Мұхамед тоқсаннан асқан шағында өмірден өтті. Он перзент тәрбиелеп тұтас бір әулеттің әкесі атанған Абрар Әкетайұлы ұрпағына «Әліппеден» бұрын қасиетті «Құранның» аяттарын үйреткен қазыналы қария еді.

Ата-баба есімдерін жаттатқызып, халық әдебиетінің мол мұрасымен сусындатқан әкенің тәрбиесін көрген ұл мен қыз бүгінде қоғамның әр саласында ел үшін қызмет етіп келеді. Әкесі туралы Мұхтар Абрарұлы:

"Әкемнің абайшылдығына арнайы тоқталмасам болмас. Атамекенге оралған 1961  жылы Мұхтар Әуезовтің басшылығымен, Ә.Жиреншиннің құрастыруымен Абайдың қалың бір томдығы шығыпты. Әкей осыны қолынан, жастығының астынан тастаған емес. Сан мәртебе қайыра, тамсана оқып: «Жарықтық Абайдан бар сұрағына жауап табасың. Осыншама данышпандық бір адамға қалай ғана бітті екен!», – деп тамсанып отыратын.  М.Әуезовтің «Абай жолы» жөнінде: «Абай туралы жазғанда Мұхаңның қаламын данышпанның аруағы жетелеп отырған ғой. Әйтпесе мұндай ғажайып кітап дүниеге келер ме еді», – деген сөзін де талай естідім.

Орта мектепті бітіріп, Алматыға оқуға аттанғанда, маған өзінің тері сіңіп, қолының табы қалған сол Абайдың бір томдығын ұстатып: «Қысылсаң да, қиналсаң да, өссең де, өркендесең де бар сұрақты осы кітаптан табасың», – дегені әлі күнге дейін есімде. Солай болды да,- деп жазады.

Біз Мұхтар Құл-Мұхамед мырзаның қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз!

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5236