Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3015 0 пікір 22 Маусым, 2011 сағат 09:14

Қашқынбай Мұрадалиев. Қанағатты ұмытпау қажет

Мен - Жаңаөзен қаласының тұрғыны, Темір бабаның шырақшысы  Қашқынбай Мұрадалиевпін. Аллатағаланың берген қасиетінің арқасында сырқаты бар жандарға емшілік көмегімді беріп, елге қызмет етіп келемін. Дертіне шипа алған жандарға қарап қуанамын. Менің тілегім - елдің аманшылығы мен бейбітшілігі.

Мен - Жаңаөзен қаласының тұрғыны, Темір бабаның шырақшысы  Қашқынбай Мұрадалиевпін. Аллатағаланың берген қасиетінің арқасында сырқаты бар жандарға емшілік көмегімді беріп, елге қызмет етіп келемін. Дертіне шипа алған жандарға қарап қуанамын. Менің тілегім - елдің аманшылығы мен бейбітшілігі.

Қазіргі қаламызда болып жатқан жағдай мені де алаңдатады. Енді осыған байланысты жақында өз басымда болған жайтпен сіздермен бөліскім келеді. Жақында түс көрдім.Түсімде көк аспанды қақ жарып шығып, атақты ғалым Оразмағанбет Тұрмағанбетұлының шәкірті, осы өлкеде 1812 жылдары өмір сүрген Дәлу атамыз былай деп аян берді: «Бұл жер қасиетті әрі мұнайдың кіндігі болып есептеледі. Мұның бірден-бір себебі - бұл аймақта 362 әулие жатыр. Сондықтан да, артық мал, дүние жинауға, байлыққа үйір немесе құмар болуға болмайды. Қанағатты ұмытпау қажет. Болашақты ойлаңдар! Орынсыз дау шығарып, ерегессеңдер, жердің байлығын, киесін қашырып аласыңдар. Әркім өзі білім алып жатқан білім ордасын, еңбек етіп жатқан жұмыс орнын қадірлесін! Жеткіз осыны барлығына! Егер ештеңе бермей қалсам, қайтесіңдер!? Ескерт!  Ескерт! Ескерт!»,- деп оң жұдырығын үш рет көтерді. Менен содан бері маза кетті. Елдің жағдайы қазір жаман емес. Тіпті бұндай жағдай халқымыздың басында болып көрген жоқ қой. Міне, осындай заманда қанағатсыздыққа ұрынып, байлықтың жолына түсіп, барымыздан айырылып қалмайық, ағайын! Ерегескеннен пайда жоқ, еңбек етейік, барға қанағат қылайық. Елдің амандығын, тыныштығын ойлайық, азаматтар! Менің бұл сөзім, әулиелердің, ата-бабалардың айтқаны деп түсініңіздер. Еңбегімізді жалғастырып, елдің ішін дүрліктірмей, барға риза болып, ынсапқа берік болайық. Аман-сау болайық.

Қашқынбай Мұрадалиев,

Жаңаөзен қаласының тұрғыны,

Темір бабаның шырақшысы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5496