Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 12731 29 пікір 24 Мамыр, 2019 сағат 13:01

Атырау Дубайдан 4 есе көп мұнай өндіреді

Біріккен Араб Эмираты:

Халқы - 10 миллионға жуық
Орташа жалақы: мұнайшы - 3000 000 тг,  дәрігер - 900 000 тг,  мұғалім - 900 000 тг,  пенсия - 700 000 тг.
Ең жоғарғы айлықтар тек өз азаматтарына тиесілі. Шет елдіктерге мұндай айлық жоқ. Ал Азаматтық алуға заң бойынша 75 жыл керек.

Арабтар 1980 жылға дейін құм даланың көшпенді бедуйндері болды. Оларда «Мұнай Дәуірі» 1980 жылдан басталады. Араб Эмираты мұнай өндіруден 7 орында тұр. Мемлекет жылына 68-70млн тонна мұнай өндіреді. Соның ішінде Дубайдың үлесі 10 млн.тонна.

Ал, еліміздегі Атырау 40-41 млн тонна мұнай өндіреді, яғни Дубайдан 4 есе көп. Маңғыстау 18,4-20 млн тонна, яғни Дубайдан 2 есе көп, ал Қызылорда 8-8.5 млн тонна, Дубайдан сәл аз мұнай өндіреді. Елімізде 5 мұнай өндіруші облыс бар.

Тек Атырау мен Маңғыстаудың өзі ғана жалпы Араб Эмиратының өндіретін  мұнайын шығарып тұр. Яғни жылына 68 млн.тонна.

Егер тек мұнайдың табысы Еліміздің Бюджетіне түссе халық салықтардан  босатылады, айлықтар өседі, көптеген өндіріс орындары ашылады, сырттан қарыз алу тоқтатылады, болашақ ұрпаққа «Алтын қор» жиналады. Осы әдісті Араб Эмираты, Сауд Арабиясы, Норвегия және т.б. мұнай өндіруші елдер қолданып отыр.

Араб Эмиратында біздегідей көмір, уран, темір, мыс, аллюмин және т.б. Менделеев таблицасындағы металдар кездеспейді. Жері құмды, бидай, көкөніс кейбір мал шаруашылығына жарамсыз. Және бастысы «Тұщы су» өте аз.

Бірақ мемлекет тек мұнай газ есебімен ғана 20 жыл ішінде көтерілді.

Нұржан Баймаханбеттің facebook парақшасынан

Abai.kz

29 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371