Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2603 0 пікір 23 Маусым, 2011 сағат 06:22

Нұрғазы Сасаев. Қазақ балаларының спортта тым аздығының басты себебі – тіл мәселесі

Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл болса да, үлкен спортта қазақ балаларының саны көбеймей отыр. «Баяғы жартас - бір жартас» дегендей, Кеңес Одағы тұсындағы осы бір кемшілігіміз - әлі сол күйінде. Табан тірескен дүлей додада ел намысын қорғайтын қыз-жігіттеріміздің басым көпшілігі - өзге ұлт өкілдері (одан қалса, сырттан шақыртылған келімсектер).

Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл болса да, үлкен спортта қазақ балаларының саны көбеймей отыр. «Баяғы жартас - бір жартас» дегендей, Кеңес Одағы тұсындағы осы бір кемшілігіміз - әлі сол күйінде. Табан тірескен дүлей додада ел намысын қорғайтын қыз-жігіттеріміздің басым көпшілігі - өзге ұлт өкілдері (одан қалса, сырттан шақыртылған келімсектер).

Апыр-ау, спортта неге қазақ аз, осы? Арагідік сүйе­гі­мізге таңба болған осы мәселенің түйінін іздеп, осы сұ­рақтың жауабын қазбалап қоятынымыз да бар. Он­дайда әртүрлі себептері айтылады. Бірақ осы мәселенің тереңде жатқан түйіні тіл мәселесі екендігі әлі ашылмай отыр. Бәрі тіл мәселесіне келіп тіреліп тұрмағанымен, не­гізгі кінәраты - осы. Өйткені сонау заманнан бері біз­де­гі бапкерлердің басым көпшілігі - орыстілді м­а­мандар. Ауылдан келген қазақ балалары олардың ай­тып тұрғандарын түсінбей, бірте-бірте шетке қарай ығы­са береді. Өзінің түсіндіргенін ұқпайтын спортшыны қай бапкер жақтырсын?! Осылай бапкер мен шәкірт ара­сы суи береді, суи береді.

Қазақ спортының қара шаңырағы болған «Спорт» газетінде табаны күректей 49 жыл қызмет еткен Сайын Тұрсынов ағамыз: «Өзім спорттың ішінде жүргендіктен, балаларымды кішкентайларынан спорт секцияларына бердім. Бірақ бапкерлердің бәрі - орыстілді мамандар. Қазақ баласын ешқайсысы маңдайынан сипамайды екен. Көбіне сырттағы додаларға шықпайды, өзгелер барады. Осылай олар спортты тастап кетті», - деп күйінген еді.

Мысал ретінде айтайық, қазақтың атақты балуаны, төрт­кіл дүниеге жойқын қара күшімен танылған тар­ла­ны Әбілсейіт Айханов Жетісудан Алматыға келеді.

1957 жылы Дене тәрбиесі институтының кү­рес бөліміне түспек болады. Сонда көп­ші­лікке танымал білікті бапкер, марқұм Петр Матущак орыс тілінде «бұрын күресіп пе едің, разрядың бар ма» деп сұрайды. Қазақ­тың сайын даласынан шыққан, сек­сеуіл­дей сидиған жас жігіт орыс тілінде жауап бере алмай, қара терге түседі. Уақыт болса өтіп барады. Ақыры «борюсь» дейді. Талапкерлерден емтихан қабылдап отыр­ған бапкер кеңкілдеп күледі. Сол кезде мар­құм Қабден Байдосов ағамыз сөзге ара­ласып, екеуінің сөздерін бір-біріне аударып береді.

Басқа-басқа, бірақ қазағы көп бокстың өзін­де мынандай бір жағдай болған. Күрзі жұдырықты қайсар жігіттеріміздің бірі, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов та Алматыға келіп, бокспен шұғылданып жүргенінде, біреу оған «ты что, левша?» дейді. Қос жұдырығын кезенуі солақай Иб­раимов атымды сұрап тұр екен деп ойлап, «нет, я Ермахан» депті...

Міне, тіл білмей қазақ балалары осы­лай опық жеген. Осылай күлкіге қалған. Ел­дің бәрі Әбілсейіт аға мен Ермахан емес. Табиғатынан сүйектеріне сіңген ұяңдық пен ұялшақтықтың кесірінен қаншамасы спорт­ты тастап кеткен де болар. Оған кү­мән келтіре алмаймыз. Мұндай қиын­дық­ты тек Әбілсейіт аға мен Ермахан сияқты табанды тарландар ғана жеңе алды.

Ал сол дәуірде солақай саясатты ұс­тан­ған өзге ұлт өкілдері бұл проблеманы ке­зінде оп-оңай «шешіп берген». «Сіздер, қазақ­тар, күрес пен боксқа бапан­дай­сыз­дар. Күрес пен бокс сіздердің бол­мыс­та­ры­­ңызға, мінез-құлықтарыңызға жақын. Сондықтан сіздер осындай спорт түрлеріне бейімсіздер. Ұжымдық спорт түрлеріне сіздер келіңкіремейсіздер. Жараты­лыс­та­ры­ңыз солай» деп аузымызға құм құйған-ды.

Ал біз соған мәз болдық. «Ойбай, біз бокс пен күреске болмаса, қалғанына жоқ­пыз», - ғой деп, іліп әкеттік. Әрі бұл пәл­сапаны түрлендіріп, түлетіп те жібердік. Мақтаныш көрдік. Бір ғасыр болмаса да, міне 60 жыл­дан асып кетті, осы пәлсапаға имандай иланып жүрміз.

Оу, сонда Алла тағала, Жаратушы күш әр спорт түрін әл ұлттың маңдайына, пеше­не­сіне жазып қойып па? Әлде қазақ доп тебуді білмей ме? Ел қатарлы жүгіре алмай ма? Мергендігіміз қайда қалады? Қай­сар­лы­ғымыз бен қажырлылығымызды неге кәдеге жаратпаймыз? Әлде қазақтың неше жыл­дық тарихында ұжымдық спорт түр­ле­рі болмаған ба? Болғанда қандай! Қазақ­тың ұлттық ойындарының ішінде көк­пар деген сайыс бар. Білмесеңіздер, біліп қойыңыздар, көкпар - ұжымдық ойын. Осындай ұлттық ойыны бар қазақты ұжымдық ойынға жолатпауымыз қалай? Әлде КСРО тұсында бізді «мінез-құлықтары қызба» деп санаушылар болды ма екен? Айтыңыздаршы, бізден де қызба Аргентина футболды қалай ойнайды? Қызуқанды Британ елдері мен Кавказ халықтарына ұжымдық ойынға баруға болады да, бізге болмай ма?

Жоқ, мұның бәрі - тұзы таты­май­тын, дәйексіз пікірлер. Тіліміз бен діліміздің да­муына кесірін ти­гіз­ген мұндай сөздерді қо­ғамнан сы­лып алып тастау керек. Спорт­та қазақ балалары көбейсін десек, мем­­ле­кет­тік тілді мамандар санын көбейтіп, ана тіліміздің мәртебесін кө­теруіміз керек. Қазақ тілінің бе­де­лін өсіру керек. Тілдің құдіреті мен киесінің асқақтығын түсінетін кез баяғыда келді.

Автор: Нұрғазы Сасаев

Абай ОМАРОВ (коллаж)

http://alashainasy.kz/main/24747/

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475