Сенбі, 23 Қараша 2024
3407 0 пікір 27 Мамыр, 2019 сағат 10:32

Беларусь Қазақстаннан мұнай алғысы келеді

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстан мұнайын Беларуське тасымалдау бойынша келіссөз бастауды ұсынды. Бұл ақпаратты 23 мамырда БелТА агенттігі хабарлады.

Қазақстанның Беларусьтегі елшісімен кездесу кезінде Лукашенко елдің мұнай өңдеу зауыттарына жан-жақтан мұнай түскенін қалайтынын айтқан. Агенттіктің хабарлауынша, елші Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан Беларуське мұнай тасымалдауға дайын екенін, бірақ алдымен Ресеймен келісу қажеттігін алға тартқан.

Биыл сәуір айында Ресей мұнайын Беларусь арқылы Еуропа елдеріне жеткізетін "Дружба" мұнай құбырынан сапасыз мұнай табылған соң Ресей жағы мұнай жөнелтуді уақытша тоқтатқан. 23 мамырда словакиялық Transpetrol компаниясы "Дружба" құбыры арқылы мұнайдың қайта келе бастағанын хабарлады.

21 мамырда "Белнефтехим" мемлекеттік компаниясы қазіргі кезде Беларусьте 1,2 миллион тонна көлемінде сапасыз мұнай бар екенін хабарлаған. Ресей президенті Владимир Путин бұл жағдай елдің абыройы мен мұнай инфрақұрылымына "үлкен нұқсан келтіргенін" айтқан.

Беларусь президенті Александр Лукашенко сапасыз мұнайдан елдің "орасан зор" зардап шеккенін айтып, Ресейден өтемақы күтетінін жеткізген.

Ресейлік "Транснефть" мұнай компаниясы мұнайдың ластануына шағын жекеменшік компанияны кінәлайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364