Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 3713 0 пікір 23 Маусым, 2011 сағат 07:25

Едіге МАҒАУИН, «Азаттық» радиосы қазақ қызметінің директоры: Ақпарат құралдары тәуелсіз болуы тиіс

- Едіге Мұхтарұлы, халықаралық деңгейде қызмет істеп жүрген ре­дакция менеджері әрі журналист ретінде сізге жүктелер жауапкерші­лік қандай? БАҚ саласының ма­ман­дары «ұлттық деңгейдегі, жаһан­дық деңгейдегі ақпарат» деп жатады, со­ның айырмашылығы неде?

- Едіге Мұхтарұлы, халықаралық деңгейде қызмет істеп жүрген ре­дакция менеджері әрі журналист ретінде сізге жүктелер жауапкерші­лік қандай? БАҚ саласының ма­ман­дары «ұлттық деңгейдегі, жаһан­дық деңгейдегі ақпарат» деп жатады, со­ның айырмашылығы неде?

- Қазіргі таңда ақпартты «ұлттық» не «жаһандық» деп бөлуді өз басым қолдамаймын. Өз елімізде, не шетелде жүрсек те ақпарат таратудың жауап­кершілігі болатыны рас. Өзіміздің нысанаға алған аудиториямыз бар. Хабар жасаған кезде өзің нысанаға алған аудиторияның мұқтажына, солардың мүддесіне, солардың пайым­дарына сай хабар құру деген ол басқа мәселе. Бірақ оны ұлттық тұрғыда бөлу, мемлекеттік тұрғыда бөлу, жаһандық тұрғыда бөлу дегенге өз басым аса келіспеймін.
- Дәл қазіргі дәуірді «ақпарат ғасыры» дейміз. Осы дәуірдің өзіне сай терминдері пайда болды. Мыса­лы, электронды демократия, теле­кратия секілді ұғымдар демокра­тия­мен қатар өрбіп отыр. Сондай-ақ коммуникация теориясын зерттеу­ші ғалымдар «демократияның мәнінен гөрі, телекратияның мәні басым» деген пікір де қалыптастыруда. Теле­кратия, яғни телевизия мен теле­коммуникациялық желілердегі, ви­зуалдық құрылғылардағы ақпарат­тарға азаматтардың сенімі артып отырғанын қалай бағалайсыз?
- Мәселе, тағы сол ақпаратқа ке­ліп тіреледі. Азаматтардың ақпаратты еркін алуға қақысы бар. Демокра­тия­ның басты құндылықтары да - сөз еркіндігі, баспасөз еркіндігі. Бұл аталған дүниелерді талқылаудың өзі артық. Жаңағы айтылған желілер соны жеткізудің құралы ғана. Кешегі күні біз ат үстінде, не арбаға мініп жүрген болсақ, кейін шетелдік жеңіл көліктерге міндік. Меніңше, аталған көліктің бар айырмасы - оның құ­рылымында. Әлбетте, бүгінгі адам­ның өмір сүруі, жүріс-тұрысы, талғамы тұрғысынан алғанда, толып жатқан өзгерістер бар. Бірақ құндылықтар тұрғысынан алғанда, баяғы құнды­лықтар бүгінгі күннің сол құнды­лықтары болып қала береді. Ол адам­ның еркін ақпарат алуына, еркін пі­кір бөлісуіне және басқалардың пікірін алуына толықтай құқылы болуы. Олар бұл орайда әлемдегі болып жатқан оқиғаларға қатысты көзқарастармен танысуы және содан оқшауланбауы тиіс. Тап осы жерде жаһандану ұғымының жағымды тұсын айтуға болар. Әлемде не болып жатқанын білу арқылы кез келген азамат өз еліндегі жағдайға шынайы түрде баға бере алады. Өз еліндегі белгілі бір оқи­ғаға орай түрлі көзқарасты білу ар­қылы сол оқиғаның үрдісін өзінше дұрыс бағамдай алады. Егер азамат ретінде мүдделі адам болса, соған сай ертеңгі күні өзі өмір сүретін, ертеңгі ұрпағы өмір сүретін қоғамның дұрыс дамуына үлесін қоса алады. Жур­налистердің бұл ретте атқаратын қызметі - адамдардың осы тұрғыда жауапкершілігін сезінуіне ықпал ету, қызмет ету.
- Яғни әрбір азамат ақпаратты алушы емес, соған қатысушы ретінде танылуы тиіс дейсіз ғой.
- Бәлкім, салыстыруым тұр­пайы­лау шығар. Әлгідегі киім үлгісіндегі өзгеріс деген сияқты бүгінгі күндегі журналистикадағы өзгерістің бірі - оқырманын барынша ішке қарай тарту. Оқырман - тек қана сырттан бақылаушы ғана емес, сонымен қатар болып жатқан оқиғаға тікелей бар адам ретінде өзінің пікір айтуы, тіпті кей жағдайда болып жатқан оқи­ғаларды журналистен бұрын байқап, соны өзі секілді адамдарға немесе осы жайтты тереңірек зерттеп жаза алатын журналистерге хабарлау. Осы тұрғы­дан алғанда, аудиторияны сырттан бақылайтын топ қана емес, болып жатқан үдерістерге тікелей араласа­тын белсенді қауымға айналдыру.
- Қазір қоғамның рухани өмірін­де, медиамәдениет, медиаөрке­ниет секілді ұғымдар пайда болып, ол ғы­лымның жаңа бағыты ретінде зерттеле бастады. Осы медиа­мәде­ниетті қалыптастыратындар да, ме­диаөркениетті қоғамға апаратын ық­палды күш - журналистер қа­уымы. Осы тұрғыдан алғанда қазақ қоғамындағы медиамәдениеттің қандай бағыттарын атар едіңіз?
- Шынын айтатын болсақ, Қа­зақстандағы ақпарат құралдары­ның әлі алда атқарар қызметі орасан зор. Мәселен, ақпарат құралдары дамып келе жатыр. Бірақ тиісті дәрежеде өзінің қоғамдағы қызметін атқа­рып отыр деп айта алмаймыз. Оның толып жатқан себептері бар шығар. Бірақ қалай болғанда да бірінші кезекте журналистердің кәсіби қызметінде жауапкершілігін сезінуі тиіс дегім келеді. Медиамәдениет мәселесіне келгенде, қазіргі күнде ақпаратты та­рату мен алудың, жариялау мен жет­кізудің жаңа технологиялар дамыған заманда журналистік этика мәселесі күн тәртібіне шығып отыр. Мәселен, журналистер арасындағы кәсіби эти­калық талаптар Қазақстанда көп жағ­дайда сақтала бермейді. Қарапайым мысал келтірсем. Біздің веб-сайты­мызда шыққан суретті «Егемен Қа­зақстан» газетіндегілер алады да жа­риялай салады. Батыста мұны кә­дім­гідей барымта, ұрлық деп есептей­ді. Бірақ Қазақстандағы жағдай жа­йын қанша журналистермен сөйлестік. Олар үшін бұл қалыпты, қатардағы жағдай ретінде қабылданады. Қа­зақстанда журналистер қауымы этика мәселесіне келгенде, өзара түсінік пен қалыптасқан нормалар болуы керек деп ойлаймын. Өйткені біздің таратып отырған хабарды өз тарапымыздан сұратып отыру үшін жасап жатқан жоқпыз. Оның барынша таралғанын қалаймыз. Біздегі мақсат - әлгі айтып отырған құндылықтарды қарапа­йым халыққа жеткізу. Егер Қазақстан­да­ғы басқа ақпарат құралдарын осы біздің хабарымызды, біз көтерген жүгімізді бізбен бірге көтерісуге, аудиторияға жеткізуге тырысатын болса, онда тек қана келісеміз, қолдаймыз. Деген­мен кез келген кәсіптің ережелері бар. Біз де басқа ақпарат құралдарының материалдарын пайдаланбайды емеспіз, пайдаланамыз. Соған сай оған сіл­­теме жасаймыз. Медиамәдениет мә­се­ле­сіне келесі қырынан келетін болсақ, Қазақстандағы ақпарат құрал­дарында бірден көзге түсетіні - осы. Біздегі медиамәдениетті қалып­тас­тырушы құндылықтардың жетімсіз­дігі. Бір-бірінен барымталау өте көп. Бірінің материалына бірі сілтеме жа­саудан қалған. Бір-бірінің еңбегін сыйлау, бір-бірінің зияткерлік мүлкін құрметтеу тұрғысындағы ұғым әлі қалыптаса қоймады. Осыған, менің­ше, бірінші кезекте назар аударған жөн. Әлбетте, ақпарат құралдарына би­ліктің араласуы белгілі дәрежеде сөз бостандығының тиесілі түрде дами алмауына себепкер. Оған белгілі дә­режеде шектеу қойып отырғаны анық. Өйткені ақпарат құралдары билік­тен толық тәуелсіз болуы керек. Мәселен, демократиясы дамыған кез келген елді алыңыз. Кез келген үкімет баспасөз құралдарын бақылағысы келеді. Кез келген үкімет билікте ұзағырақ отыр­ғысы келеді. Бірақ бұл жердегі ең не­гізгі бақылаушы қызметін ғана емес, қадағалушы қызметін атқаратын ақ­парат құралдары. Сондықтан да ақпа­рат құралдарын биліктің келесі бір тармағы деп атап жатады. Өйткені ақпарат құралы биліктің кез келген кемшілігін бетіне баса алатындай, оны ашық көрсетіп, қоғамға жеткізе ала­тын­дай және билікке сол кемшілікті шешу жолында қозғалуына түрткі бо­латындай жағдай жасау керек. Сондай жағдай жасаған сәтте ақпарат қоғам­дық қызметін атқара алғаны. Мұндай жағдай жасалмаса, ақпарат құралдары басқаның жетегінде кет­кені.
Қазақстандағы баспасөз құрал­дарын алып қарасақ, көбіне баспасөз әркімнің жетегінде жүрген сияқты. Баспасөз өзінің, қоғамның дұрыс, оң бағытта дамуына қосар үлесін әлі то­лық сезінбей отыр.
- Бұл жағдай - әлем елдерінің бәрінде ең түйткілді мәселе. Сол БАҚ пен бұқараның биліктен тәуелсіз қа­рым-қатынасының үздік әдісі ретін­-де қоғамдық арна қызметін атауға болады. Болашақта елімізде қо­ғам­дық арнаның құрылуы, ашылуы мүм­кін жағдайда сіздер қандай көз­қа­расты ұстанып, пікір танытар не қолдау көрсетер едіңіздер?
- Біз кез келген байланысқа, ын­тымақтастыққа әзірміз. Мысалы, бұ­рынырақта «Азаттық» десе, атынан шо­шитын, ат-тонын ала қашатын жағ­дайлар болды. Бүгін­гі күні Құдайға шү­кір, бұл жағдай өз­гер­ді деп отыр­мыз. Әлі де сескеніп қа­райтындар да табылады. Біздің тара­пымыздан еліміздің ақпарат құрал­дарының да­муына, қоғамдық қызметін атқаруы­на барынша қолдауға да­йынбыз. Жаңа­ғы суреттерді пайда­лануға шектеу қою мақсатында айт­қаным емес. Тек қана бұл салада бел­гілі этикалық норма­лар қалыптасса екен деп ойлаймын. Сон­дай-ақ жур­налистер өмірінің қауіп­сіздігі мәселесіне тірелетін жағдай­лар жиі орын алады. Жасыратыны жоқ, бізде Ауған радиосы бар, Ирак радио­сы бар. Сондықтан біз отырған жер - тер­рористердің нысанасына алып отыр­ған ғимарат. Сол тұрғыдан жа­салған ғимараттағы қауіпсіздік ша­ралардың қатаңдығы болмаса, біз қа­шанда ашық­пыз. Веб-сайтымыздағы фо­румның ережесінде жазылған мис­сияларды біз тек қана мақала жазғанда емес, қызметімізді атқарғанда, әріп­тестеріміздің арасындағы қарым-қа­тынастарда сол тұрғыда, сол ауқымда жүруге тырысамыз. Біз әруақытта шығармашылық ынтымақтастықты қолдаймыз.
- Әңгімеңізге рақмет.
Сұхбаттасқан
Гүлмира СҰЛТАНБАЕВА

Сурет "Азаттық" радиосының сайтынан алынды (baq.kz)

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=8550&Itemid=2

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1553
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3347
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6216