Қазақ жеріндегі ашаршылық зұлматын БҰҰ да көтеру керек
"Ашаршылық"...
Сөздің өзі сұсты,тұрпайы, табиғатқа жат.
Қазақ жеріндегі ашаршылық.
Мыңғырған мал мен жайылымы мол, шөбі жайқалып тұрған жерде мүмкін емес. Сол мүмкін емес нәрсені қасақана, қолдан жасаған.
Қазаққа жасалған ең сорақы, ең қасіретті залымдық, зиян, орны толмас зобалаң.
Осы қолдан жасалған қасіретті әлемге паш етіп, халықаралық деңгейде мойындату міндет:
1.БҰҰ нда бұл мәселені көтеру.
2.Халықаралық деңгейде мойындату.
3. Дүниежүзілік ғылыми айналымға енгізу.
4. Біздің елімізде әрбір облыс орталығында Мемориал ашу.
5. Ұлттық Аза Қабырғасын орнату.
6. 31- мамырды Ұлттық Аза тұту күні деп жариялап, Жалпы Ұлттық Аза шеруін өткізу маңызды қадам!
Ерлан Саировтың facebook парақшасынан
Abai.kz