Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
4415 0 пікір 30 Сәуір, 2019 сағат 13:31

#NurOtanPikir пікірталас алаңында жастар мәселесі талқыланды

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Қазақстан қоғамында алатын орны ерекше. Партияның қабырғасы қаланғалы бар болғаны жиырма жыл ғана өтесе де, қазіргі таңда еліміз үшін ең маңызды партия саналады. Жас Қазақстан елінің тәуелсіздік алғалы тұрақтылығын жоғалтпай, ел ішінде де, халықарада да тұрақты даму жолында келе жатуы кездейсоқтық емес. Бұл біріншіден Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтің еңбегі. Елбасы өз қолымен құрған «Нұр Отан» партиясы мемлекет саясатын жүзеге асыруда үлкен жұмыс істеп келеді.

Баста айтқан сөзімізді басқа бір қырынан айтар болсақ, «Нұр Отан» партиясы елдегі ең беделді саяси ұйым екеніне ешкімнің таласы жоқ. Жаңа ғасырдың табалдырығын аттағаннан бері мемлекеттік деңгейде жүріп жатқан әр жұмыстың басында осы партия тұрғанын екінің бірі біледі. «Нұр Отан» партиясы қолға алған әрбір іс халықтың қолдауына бөленіп жатады. Бұның басты себебі, партияның басты ұстанымы халықтың мүддесін қорғау болғандықтан болар. Сөзіміздің тұздығы ретінде мына мәліметті келтіре кетейік, өткен жылғы санақ бойынша, аталған партия мүшелерінің саны әлдеқашан миллионнан асып кеткен екен. Осыдан-ақ, «Нұр Отан» партиясының халық көңіліндегі орнын байқауға болады.

Сөз арасында «Нұр Отан» партиясының әр бастамасы ел игілігі үшін қолға алынатынын айттық. Әрі бұл бастамалардың халық тарапынан тамаша қолдауға бөленетінін де біз еске салдық. Сол сөзіміздің дәлелін айтайық, «Нұр Отан» партиясы өткен жылы желтоқсан айында мемлекеттік тілдегі #NurOtanPikir жаңа пікірталас алаңын ашты. Бұл пікірталас алаңының басты мақсаты, елдегі ең өзекті мәселелерді мамандар мен басшылар бетпе-бет отырып талқылап, түйткілді түйіндерді шешудің тура жолын талқылайды.

«Нұр Отан» партиясы ұйытқы болып отырған #NurOtanPikir пікірталас клубында қазақ халқының рухани құндылықтарын дәріптеу, Елбасы ұсынысына сай тарихи сананы жаңғырту, осы жол арқылы ұлттың санасын оятуды мақсат еткен жұмыстар басты назарда болады. Сонымен қатар, мәңгілік мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді дамытып, тәуелсіз еліміздің туын биік ұстау сынды ұлттық мәселелер де #NurOtanPikir клубының назарынан тыс қалмайды. Бұл алаңның басты ерекшелігі, баста айтқанмыздай жұмыс тек қазақ тілінде жүргізіледі. Осы арқылы елдегі қазақтілді орта назарда ұстап отырған мәселелерді жалпы қоғамның назарына ұсыну көзделген.

Жақында «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтің қатысуымен осы #NurOtanPikir пікірталас клубының кезекті отырысы өтті. Кезекті отырыстың тақырыбы «Жаңа әлемдегі жастар келбеті» деп аталды. Сөз басында айтқанымыздай, клубтың батсы мақсаты қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешу жолын қарастыру болатын.

Бәріміз білетіндей, 2019 жылды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Жастар жылы" деп жариялады. Соған орай биыл елімізде жастар саясаты бұрынғыдан да қарқынды қолға алынады. Жастар мәселесі дегенде, дәл қазір күйіп тұрған ең түйткілді іс кейбір жастардың шетелге кету мәселесі екені сөзсіз. Ақпарат құралдарында кейбір қазақстандық жастардың түрлі себептермен шетел асып жатқаны айтылады. Осыған байланысты Партия Төрағасының орынбасары Мәулен Әшімбаев өз пікірін айтты.

Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев мұндай тәжірибе әлемнің әр түкпірінде кеңінен тараған дейді. Оның айтуынша, әлеуметтік желіде жиі талқыланып жүрген жастардың шетелге кету мәселесіне сыңаржақты қарауға болмайды. Бұл мәселенің де екі қыры бар. Біріншіден, көптеген жастар алыс-жақын шетелдерге білім алып, білікті маман болып қалыптасу үшін кетіп жатыр. Осындай мақсатпен шекара асқан жастар ел үшін де, жеке өзі үшін де пайдалы бағыт ұстанып отыр. Мұндай жастарға шектеу қойып, шеңберге қамамаған жөн. Қайта оларға қолдау қажет.

Жан-жағында алпауыт нарыққа бай ірі мемлекеттер орналасқан Қазақстан үшін жастардың шетелде оқуы, шетелді игеруі ауадай қажет. Сол үшін шетелге шығып оқып, білім алам деген жастардың жолы дұрыс. Сондықтан, "шетелге кетіп жатқандардың бәріне тосқауыл қою керек" деген біржақты пікір айту ешқашан қажет емес. Бірақ, мәселенің екі қыры бар екенін айтқанымыздай, кейбір жастарымыз елдегі әлеуметтік жағдайларға көңлі толмай, шетел асып жатса бұл жақсы емес. Сол үшін бұндай жағдайды жақсылап зерттеп, жастардың бұндай шешім қабылдауының басты себебін тауып, оның алдын алу бәрінен маңызды.

Осылайша, #NurOtanPikir пікірталас алаңының кезекті отырысы да өте өзекті мәселеге талдау жасады. Отырысқа партия Төрағасының Бірінші орынбасарынан бөлек,  Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова, ақын, «Shalqar» радиосының директоры Қалқаман Сарин, кәсіпкер, ІТ маманы Әбутәліп Мүтәлі қатарлы қонақтар қатысты. Оның бәрі де «Жаңа әлемдегі жастар келбеті» тақырыбына байланысты өз ойларын ортаға салды.

Айта кетейік, Nur-Otan партиясы ел жастарының әр салада өсіп-өркендеуі үшін үнемі қолдау көрсетіп келеді. Жуырда ғана партия мүшелері осыған ұқсас “Жастарды қолдау” атты комиссия отырысын өткізген болатын. Партияның орталық аппаратында, жаңартылған құраммен өткен аталмыш жиынның негізі – жастардың әлеуметтік әлеуетін көтеру және әр өңірдегі маман тапшылығын жойып, ондағы әр кадрдың әлеуетін күшейтуге бағытталған. Естеріңізде болса, осыдан он жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен “Дипломмен ауылға” атты жоба қолға алынған болатын.

Президенттің бұл бастамасына мемлекет тарапынан 5,9 миллиард теңге қаржылай қолдау жасалды. Соның нәтижесінде, ауылдық елді мекендерге оқуын бітіріп, дипломын қолына алған 5 904 маман аттанды. Олар мемлекет тарапынан көтерме айлық алумен қатар  екі мыңға жуық маман тұрғын үймен қатылған болатын. Ал, осы жылы ауылдық жерді таңдаған мыңнан астам маманға 176,0 миллион теңге көлемінде көтерме жәрдемақы тағайындалған. Сонымен қатар, 312 дипломды маман тұрғын үй сатып алуға немесе ауылды жерден баспана салуға жеңілдетілген несие қарастырылған. Ол несиенің құны 1 029,0 миллион теңгені құрайтын көрінеді.

Партияның “Жастарды қолдау” қолдау деп аталған комиссиясында алдағы уақытта осы бағдарламаны жалғастыру көзделіп отырғаны айтылды.

Қазір ауылдық жерге ең қажетті мамандықтар дәрігер, мұғалім, мал шаруашылығы саласының мамандары екені белгілі. Комиссия отырысында аталған сала мамандықтарының өкілдері егер мүмкін болған жағдайда несиені мерзімінен бұрын өтеп тастауға мүмкін жасау қажеттігін алға тартты. Сонымен қатар “Дипломмен ауылға” бағдарламасына мемлекет атарпынан бөлінген қаржының талан-таражға түспей, мұқият қадағалануы керектігін де қадап айтты. Сонымен қатар, жастар арасындағы оның ішінде ауыл жастарының әлеуетін көтеру жөнінде біраз өзекті тақырыптар талқыланған болатын.

Жалпы, партияның үнемі жастарды қолдап, олардың әр салада білім мен еңбекті қатар ұштастырған білікті тұлға болуы үшін әрқашан өз тарапынан қолдау білдіріп келе жатқаны рас. Ауыл жастарын қолдайтын  бастамадан бөлек, жуырда жастар игілігіне арналған тағы бір пайдалы жоба болды. Ол – “Eurasian Book Fair - 2019” атты халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі. Бұл айтулы шараға Nur-Otan партиясының тәлімгері, Қазақстан Республикасы Праламенті Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен бастаған комиссия мүшелері қатысты. Ол комиссияның құрамында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық атқарушы органның өкілдері мен қатар еліміздегі белсенді бастар және сол жастарды біріктіретін ұйым көшбасшылары қатысқан.

Сәуір айының соңына таман басталған аталмыш шара Еуразия аумағында маңызы өте жоғары екенін айта кету керек. Осы маңызды шараға Nur-Otan партиясының атынан партия жанындағы “Jas Otan” жастар қанатының төрағасы Данияр Сүндетбаев қатысқан болатын.

Айта кететін тағы бір жайт, IV Еуразиялық Халықаралық  кітап көрмесі, яғни, “Eurasian Book Fair” жобасы – қазақстандағы гуманитарлық әріптестікті дамытумен қатар іскерлік әріптестікті нығайтуды көздейді. Соның негізінде, аталмыш кітап жәрмеңкесі Еуропа елдерімен қатар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрамына кіретін елдерінің, сондай-ақ, Азия елдерінің кітап саудасы ұйымдары мен баспа орталықтарын біріктіреді. Сонымен қатар, аталған ұйымдар арасындағы мәдени және білім беру орталықтарын да интеллекетуалдық мақсатта бір мақсатқа жұмылдыратын аса ірі форум. Осындай айтулы, маңызы зор шарада қазақстандық жастардың да бой көрсетіп, шет елдік мамандармен тәжірибе алмасуына жағдай жасап отырған “Nur Otan” партиясы екенін де айта кетейік.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1970