Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Аймақ 4606 0 пікір 29 Мамыр, 2019 сағат 18:18

Қызылордалық өрендер қазақ әндерін жаңғыртты

Сырдың бас қаласында орналасқан Назарбаев Зияткерлік мектебінде жыл бойы жүргізілген «Қазақтың 100 әні» жобасы сәтті тамамдалды,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Онда халық және тәрбиелік мәні зор фольклорлық әндер жазылған. Бұл жобаның негізгі мақсаты – жас өрендерді қазақ күйлері мен ұлттық әндерімен сусындатып, тәрбиелеу. Биылғы оқу жылының басында жобаны жүзеге асыру үшін арнайы жұмыс жоспары бекітіліп, қазақ әндерінің тізімі жасалған. Бекітілген тізім негізінде Зияткерлік мектептің «Шаңырақ» қауымдастығы әр апта сайын дүйсенбілік сап түзеу жиынында қазақ әуендерді орындаған. Сондай-ақ, оқушылар шығарма тарихын театрландырылған қойылым арқылы көрермендердің назарына ұсынған.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақтың 100 әні» жобасының маңыздылығы білім, ғылым, мәдениет мәселелері жөніндегі БҰҰ тарапынан мойындалған болатын. “Almaty Youth Space” жастар фестивалі аясында өткен шығармашылық байқауында бұл жоба “Музыка – біздің мұрамыз“ номинациясы бойынша үздік болып танылды

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 454
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2114
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 1792
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 933