Жұма, 22 Қараша 2024
4761 0 пікір 28 Мамыр, 2019 сағат 17:21

Жалағашта күн электр станциясы салынуда

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында қуаттылығы 30 мегаваттық күн электр станциясы салынып жатыр,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Бұл жобаның құны 19 миллиард теңге тұрады. Бұған күн энергиясын салуға Жалағаш кентінің маңынан 164 гектар жер телімі берілген. Қазіргі таңда онда жол салу, тегістеу және қоршау жұмыстары толық тамамдалып, станция құрылғылары мен күн панельдері жеткізілді. Іске қосылғаннан кейін қуат көзін аудан көлемінде пайдалану көзделіп отыр.

– Құрылысқа негізінен 150-дей адам жұмылдырылады. Осы электр станциясы қосылғаннан кейін ауданымыздағы 220 киловатт тоқ беретін және Жалағаш ауданын қамтамасыз ететін электр станциясына қосу негізгі екенші бөлігі. Негізгі мақсаты осы аудан тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз ету болып табылады. Жоба негізінен ағымдағы жылдың қазан айында бітеді деген жоспар бар, - дейді Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Жасұлан Еспенбет.

Осылайша, жалағаштық жұртшылықтың өзге өңірлерден тасымалданатын электр энергиясына деген тәуелділігі азайып, экологиялық, экономикалық тиімділігі арта түседі деп жоспарлануда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321