Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2369 0 пікір 25 Маусым, 2011 сағат 04:49

Бүгін «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсының жеңімпаздары марапатталады

Баспасөз күніне орай 24 маусымда «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты республикалық конкурсының марапаттау рәсімін өткізеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет министрінің Баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті бұл конкурсты мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілдің қазақ және орыс тілді басылымдарда насихатталу белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырып өткізіп отыр.

Аталмыш конкурсқа республиканың әр өңірінен 200-ге жуық материалдар келіп түсті. Еліміздің қоғамдық өмірінде мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту, жарияланымдар мен хабарлардың сапасын жақсарту және қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалы туралы өткір де өзекті, сыни материалдар жариялаған жекелеген тілшілер қатысты.

Конкурс ережесіне сәйкес «Үздік автор» номинациясы бойынша   4 бағытта бағаланды. Олар: баспасөз, телеарна бағдарламалары, радио хабарлары және сайт материалдары.

Конкурс материалдарын еліміздің белді ақпарат сарапшылары мен осы саланың тәжірибелі мамандарынан құралған арнайы қазылар алқасы талқылады.

Ең үздік деп танылған жүлдегерлер арнайы дипломдар және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Марапаттау рәсімі сағат 15.00-де  «Рамада Плаза» қонақүй кешенінде өтеді

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435