Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2175 0 пікір 17 Маусым, 2009 сағат 18:14

Қайыржан СҮЛЕЙМЕН. ГЕНЕРАЛДАРҒА МАЙДАН ДАЛАСЫНДА ОҚҚА ҰШҚАН ЖАРАСАДЫ!

 

Естеріңізде болса, былтырлары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Израильден сатып алған қару-жарақтарының сапасыз екендігін айтып, барлық тәуелсіз БАҚ ұлардай шулаған. Құлақ асқан пенде болса, қанеки? Әншейінде, кісі өлтірсе де ел алдына шығып ұялмай көлгірситін шенеуніктердің бірде-бірі қару-жараққа келгенде түк болмағандай тырс етпеді.


АХМЕТОВТІҢ АДАМДАРЫ КІЛЕҢ «КАМИКАДЗЕ»

Алайда, сол кездегі БАҚ-тан ұшқан ұшқын нәм тартқан «оқ-дәріге» тиіп, жылдан аса бықсып жатқан сияқты. Міне, жарылыс болмаса да, сырт-бырт еткен сапасыз оқ-дәрінің дауысы құлаққа жетуде. Израильдің қару-жарақпен айналысады деген белгісіздеу бір фирмасынан былтыр күмәнді қару-жарақ, яғни, мүлік етерге тұрғысыз соғыс техникасын сатып алған болатынбыз. Қыруар қаржыға! Журналистердің жылап жазғанын елемеген Қорғаныс министрі сол қару-жарақты сынағанда үлкен кісілердің алдында қатты ұятқа қалған сияқты. Жер-көкке сыйғызбай мақтаған израильдық техника алғашқы байқағанда-ақ атылмай қойған деседі.

 

Естеріңізде болса, былтырлары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Израильден сатып алған қару-жарақтарының сапасыз екендігін айтып, барлық тәуелсіз БАҚ ұлардай шулаған. Құлақ асқан пенде болса, қанеки? Әншейінде, кісі өлтірсе де ел алдына шығып ұялмай көлгірситін шенеуніктердің бірде-бірі қару-жараққа келгенде түк болмағандай тырс етпеді.


АХМЕТОВТІҢ АДАМДАРЫ КІЛЕҢ «КАМИКАДЗЕ»

Алайда, сол кездегі БАҚ-тан ұшқан ұшқын нәм тартқан «оқ-дәріге» тиіп, жылдан аса бықсып жатқан сияқты. Міне, жарылыс болмаса да, сырт-бырт еткен сапасыз оқ-дәрінің дауысы құлаққа жетуде. Израильдің қару-жарақпен айналысады деген белгісіздеу бір фирмасынан былтыр күмәнді қару-жарақ, яғни, мүлік етерге тұрғысыз соғыс техникасын сатып алған болатынбыз. Қыруар қаржыға! Журналистердің жылап жазғанын елемеген Қорғаныс министрі сол қару-жарақты сынағанда үлкен кісілердің алдында қатты ұятқа қалған сияқты. Жер-көкке сыйғызбай мақтаған израильдық техника алғашқы байқағанда-ақ атылмай қойған деседі.

Оның үстіне сол кезде алу-сату ісін жүргізген генерал-лейтенант Қажымұрат Мейірманов дейтін пысық жылмиып жүріп жоғарғы жаққа түк татырмағанға ұқсайды. Мейірмановтың артын жауып жүрген министрлер олай күтіп, былай күтіп қарындары ашқаннан соң қағаз көтеріп, заңды қозғай бастады. Жәй қозғап қойған жоқ, Мейірмановты өмірден мүлдем түңілдіріп жіберді. Әуелі, көктемде генералды тұтқынға алды. Әрі-бері есептеп, мемлекетке сексен екі миллион доллар шығын келтірді деген қорытынды шығарды. Басқа тұтқындар құсатып жеке пәтерге апармай, ыс сасыған ҰҚК-нің жертөлесінде қамап ұстады. Күн-түн демей қатаң тергеуге алды. Түнеу күні сондай азапқа шыдамаған Мейірманов өз-өзіне қол салды.

Кейбір ақпарат көздері канцеляриялық пышақ дейді, енді басқалары қайшы дейді, тергеу кезінде генерал әйтеуір бір суық қаруды алқымына бойлатып тығып жіберген. Құдай қағып қайта бір ажалдан қалды. Дер кезінде медициналық көмек көрсетілген генерал қазір ҰҚК-нің абақтысында жатыр.

Бәсе, израилдік Imi және Soltam-Systems деп аталатын белгісіз фирмалар қалай ғана аз уақыттың ішінде «Семсер», «Найза», «Айбат» деп қазақша аталатын соғыс техникасын шығара қалды деп таң қалып едік? Сөйтсек, Камаздың үстіне орнатылған әншейін ойыншық екен ғой онысы!..

 

ҚҰЛҚЫНЫ КЕПКЕН ҚУЛАР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНДЕ ОТЫР

Әскери шен-шекпеннен жұрдай Қорғаныс министрі Даниал Ахметовтың Жамбыл облысындағы «Гвардейский» деп аталатын әскери қалашықты аралағанын, әскери қызметкерлерге пәтер кілтін тапсырғанын жуырда ғана көрген сияқты едік. Лента қиып, міндет артқанға бәле ғой біздің шенеуніктер. Сөйтсек, ол жерде де кілтипан бар болып шықты.

Алматылық кәсіпкер Қорғаныс министрлігімен соттасып жүргеніне біршама уақыт болғанын мәлімдеді. Осы күнге дейін бес рет соттасып, бес рет жеңген. Анау-мынауды емес, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін!

«Макс дорстройсервис-21» деп аталатын фирма аталған әскери қалашықты жөнге келтіріп, бас-аяғы сексен сегіз миллион теңгенің шаруасын атқарған. Әуелі он сегіз миллион теңгені бір беріп, артынша айғай-сүреңмен тағы да төрт миллионды қайтарған министрлік былтырдан бері тендер бойынша өз міндетін атқарған фирмаға көк тиын татырмай келген. Екі ара әлі де соттасып жатыр.

Ақысын ала алмай жүрген фирманың Бас директоры Скоркпадский дейтін кәсіпкер бәрін қойып, енді тікелей министр Ахметовке арызды боратып жатыр. Адал-ақы еңбегімнің өтеуін бер дейді. Журналистермен кездесердің алдында Скоропадскийге белгісіз біреу телефон шалып егер де қалған алпыс алты миллионнан он пайызын бір кісілерге берсең, мәселеңді табан астында шешіп береміз деген көрінеді. Әне, мәселе қайда жатыр? Тіпті, қорғаныс министрлігі бұл дауды қырық төрт миллионмен жауып тастамақ болған.

Сондай-ақ, «Виват» деп аталатын тағы бір құрылыс фирмасына Қорғаныс министрлігі жүз жеті миллион теңге берешек болып шықты. Шаруасын бітіртіп алып, уақытылы ақшасын бермегендіктен «Виват» фирмасы банктерге белшеден қарызға кіріп кеткенге ұқсайды. Оның да қожайыны қиғылықты салып жатыр...

Бұл нені көрсетеді? Бұл әскерилеріміз қорғаныс мәселесімен емес, күнкөріс мәселесімен, оның ішінде сыбайлас жемқорлықпен қатты шұғылданып кеткен деген сөз!

ЖЕМҚОРЛАРДЫҢ «ЖҰЛДЫЗЫ» ЖАРҚЫРАП ТҰР

Иттің итақайы қазір - генерал, қолбасшы. Жылтыратып темір түйме таққанды мансап көріп, лауазымды тізе батыруға, ішіп-жеп қалуға берілген мүмкіншілік деп біледі. Мемлекетке еңбегі сіңгені үшін емес, мемлекетшіл азаматтардың көзін құртқаны үшін де генерал атағын алып жатқандар да бар. Басынан оңбаған билік, басқа жағынан түзелуші ме еді?!.

Ақмола горнизонына қарасты Әскери сот жуырда Ұлттық Қорғаныс университетінің басшысы генерал-майор Асқат Шойынбековты 4 жылға бас бостандығынан айырды. Ол кезінде Қазақстан заңдарын белден басып, билікті асыра пайдаланған. Талай әскеридің отбасын жатақханадан заңсыз шығарып тастап отырған. Қалаған адамдарын баспанамен қамтамасыз еткен. Сондай-ақ, өзінің заңсыз әрекетіне қарсы келген офицерді соққыға жыққан, орташа деңгейде дене жарақатын салған. Енді міне, басына бұлт үйірілмейтіндей болған басшының күні қарайып, төрт жылға сотталып кете барды. Ол аздай, сот үкімімен қатар Шойынбековты генерал-майор атағынан айыру туралы ұсыныс та қатар жарық көріп, тиісті жерге тапсырылды.

Тағы бір тың ақпарат. Қазақстан Рсепубликасы Қорғаныс министрлігінің Әскери құрылыс және пәтермен қамтамасыз ету Басқармасының басшысы полковник Оразалинов дейтін тоңмойын тұтқындалды. Оған ҚР Қылмыстық Кодексінің 176 бабы 3-тармағының «б» пунктіне сай «Сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды» деген айып салынып, қамауға алынды. Қазір тергеу жүргізілуде. Қылмысы анықталғаннан кейін Оразалиновтың мал-мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылады.

Бұл нені көрсетеді? Бізде сыбайлас жемқорлыққа былықпаған сала қалмағанының айқын айғағы. Мектептен бастап, министрлікке шейін, әскерден бастап - Ақ Ордаға шейін қылмыстың соқпағы сайрап жатқандығының белгісі. Пәлен-түген болам деп армандамай-ақ қазір кез келген жас сол сорапқа түсіп құлдилай беруге барлық «мүмкіндіктер» жасалған. Үлкен әулеттің баласы болсаң, үлкен пара бере білсең, бір пәсте өсіп шыға келесің. Олай болмайды екен, жемтік дәметкен құзғындар өз қолымен ұстап беріп, сықсиып отыра береді. Мына тұтқындалып жатқандардың баршасы құдықтан терең құлқыны барларға уақтылы арам ақша тастай алмай қалған «құрбандар» болса керек.

 

«ҚАЗАҚСТАН» апталығы, №23 (263), 18-маусым, 2009 ж.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608