Сенбі, 23 Қараша 2024
2406 0 пікір 11 Сәуір, 2019 сағат 17:02

Алматыдағы пәтер жәрмеңкесіне 50 ге жуық құрылыс компаниясы қатысады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстан халқының әлеуметтік мәселесін шешу мақсатында Президенттің бес әлеуметтік бастамасы атты Үндеу жариялаған болатын. Үндеуге сәйкес, ел азаматтарының баспаналы болуына үлкен мән берілген.

Мәселен Үндеудің бірінші бағытында көрсетілген бірінші бағыт - “Әрбір қазақстандықтың баспаналы болуына жағдай жасау” деп аталады. Сол бастаманың негізінде Елбасы “7-20-25” бағдарламасын ұсынған болатын. Бүгінде аталған бағадарламаның негізінде еліміздің әр аймағында бірнеше өтініштер түсіп, тіпті, тұрғын үймен қамтылып жатқандар да баршылық.

Жалпы, Елбасының аталған тапсырмасы өңірлерде қарқынды орындалып жатыр.  Мәслен, оңтүстік астананың құрылысқа жауапты компаниялары “7-20-25” бағдарламасының жәрмеңкесіне 1500 пәтер шығаруды жоспарлап отырған көрінеді. Яғни, осы айдан бастап, ипотекалық “Баспана” ұйымы Елбасының “7-20-25” бағдарламасының талаптарына сай келетін Алматы шаһарындағы пәтерлерді expohomsters жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне қоюды жоспарлап отыр. Аталған жәрмеңке сәуір айының 13-14 күндері Алматының “Dostyk Plaza” ғимаратында болмақ. Аталған қалалық жәрмеңке Homstres.kz онлайн-сервисінің ұйымдастыруымен өтеді.

Аталған тұрғын үй жәрмеңкесіне оңтүстік астанадағы 50 ге жуық құрылыс компаниясы қатысады деп күтілуде. Олар жәрмеңкеге келген тұрғындарға компаниға тиесілі қолдарында бар тұрғын үйлер туралы ақпарат береді. Яғни, ол баспаналардың бағасы қандай және оны Елбасының “7-20-25” бағдарламасы негізінде қалай рәсімдеуге болады тағы басқа тұрғын үйге қатысты маңызды сауалдар төңірегінде мәлімет береді. Одан бөлек, “Баспана” ипотекалық ұйымының мамандары, сонымен қатар екінші деңгейлі банк өкілдері де арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізбек.

“Баспана” ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбековтың айтуынша, ағымдағы жылы оңтүстік астанада жоғарыда аталғандай тұрғын үй жәрмеңкесіне 35 құрылыс компаниясы қатысқан. Ал, осы жылы аталған жәрмеңкеге қатысушылар саны 50 ден асып кеткен.

Алтынбеков мырзаның айтуынша, мұндай жәрмеңкелердің өтуі өте тиімді. Себебі, мұндай шаралар баспана сатушылар мен сатып алушылардың, сондай-ақ, екінші деңгейлі банктердің бір жерге бірігуіне үлкен мүмкіндік бермек. Олар осы уақытқа дейін Қазақстанның басқа ірі қалаларында өтіп жүрген пәтер жәрмеңелеріне қатысып жатқанынан екі жылдың жүзі болған.

Айта кету керек, құрылыс компанияларының басым көпшілігі “7-20-25” бағдарламасына қызығушылық танытып отыр. Демек, енді алдағы уақытта тұрғын үй кешені жайлы деректердің үнемі жаңарып отыруы маңызды. Ол бағытта арнайы мамандандырылған интернет-сервистер үлкен көмек беріп жатқан көрінеді.

Аталған жәрмеңкеге белгіленген екі күн ішінде оңтүстік астананың 6 мыңнан астам тұрғыны қатысады деп жоспарланып отыр. Бұл Елбасының “7-20-25” бағдарламасы негізінде баспаналы болғысы келетін Алматылықтарға үлкен мүмкіндік болмақ.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499