Сенбі, 23 Қараша 2024
4299 2 пікір 4 Маусым, 2019 сағат 10:27

Ресей Қазақстанмен зымыран қалдықтары түсетін жаңа аумақ жөнінде келісімді мақұлдады

Ресей үкіметі Байқоңыр ғарыш айлағынан “Союз-2” зымыран тасығыш қалдықтары түсетін жер бойынша Қазақстанмен жаңа келісім жобасын мақұлдады.

Жаңа трасса космодромның солтүстік бөлігінде жайғасқан. Оған сәйкес, зымыран қалдықтары Қостанай облысына түседі. Бұл аймақ Ресей мен Қазақстан арасындағы келісімде көрсетілмеген. Бл жөнінде "Настоящее Время" телеканалы хабарлайды.

Мақұлданған мәтін құқықтық ақпараттар сайтында жарияланды. Келісім бес жылға түзілген.

Құжатқа сәйкес, "Союз-2" зымырандары Байқоңырдан 1 сәуірден 30 маусымнан басқа уақытта жыл сайын ұшырылады.

Келісім сонымен бірге Роскосмос пен жалға алушы "Бәйтерек" ресей-қазақ бірлескен кәсіпорнына тазалау жұмыстарын жүргізер кезде жергілікті билікке алдын ала ескертуді міндеттейді. Мұнан бөлек Ресей тарапына зымыран қалдықтары түскеннен кейін уланған аумақты тазалау жүктелген.

Ресей жаңа аумақты жалға алғаны үшін Қазақстанға жыл сайын 460 мың доллар төлейді. Егер ұшырылған зымыран саны келісімнен көп болса, онда қосымша әрбір зымыран ұшырғаны үшін 50 мың доллар төлейді.

Ресейдің Қазақстанмен "Союз-2" зымыран қалдықтарын құлайтын жаңа жерді жалға алу үшін келісім жүргізіп жатқаны 2018 жылдың басында белгілі болған.

Экологтардың айтуынша, Қазақстан билігі зымыран қалдықтарына Қостанай облысының Жангелді ауданын берген. Бұл ауданның маңында "Алтын дала" табиғи қорығы орналасқан. Халық бұл жерге зымыран түсетін болса, киік қырылып қалады деп дабыл қағады.

Қазақстан билігі болса зымыранның құлауы киіктерге зиян келтірмейді деп есептейді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371