Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2915 0 пікір 27 Маусым, 2011 сағат 17:13

ҚМГ БӨ KASE-да артықшылықты акцияларды сатып алу жөніндегі мамандандырылған саудалардың қорытындысын жариялайды

Астана, 27 маусым2011ж. ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») 2011 жылдың 27 мамыры мен 27 маусым аралығында KASE сауда жүйесінде артықшылықты акцияларды сатып алу жөніндегі кезекті мамандандырылған саудалардың өткізілгенін хабарлайды.

Мамандандырылған саудалардың қорытындысы бойынша Компания 97 003 артықшылықты акцияны данасына 17 857,02 теңгеден сату өтінімдерін қанағаттандырды. Сатып алу жиынтық сомасы 1 732 184 511,06 теңгені құрады. Есептесу 2011 жылдың 30 маусым күні жүргізіледі. Артықшылықты акцияларды сатып алу бағдарламасын жүзеге асыруды бастағалы бері Компания 34 521 111 151,50 теңге сомаға 1 875 818 артықшылықты акция сатып алды.

Келесі сауданың өтетін мерзімі қосымша хабарланады. Компания әрбір мамандандырылған сауданы жүргізердің алдында және соны өткізгеннен кейін хабарландыру жариялайтын болады. Хабарландыруда мұндай саудаларды өткізу  шарттары мен қорытындылары көрсетілетін болады.

Сатып алу бағдарламасы мен листинг артықшылықты акциялардың иелеріне құнды қағаздардың ашық әрі неғұрлым өтімді рыногында сауда жүргізуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ҚМГ БӨ артықшылықты акцияларының басым көпшілігін, Компанияның бұрынғы және қазіргі қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін қосқанда, шамамен 20 мың адам иеленіп отыр.

АНЫҚТАМА:

Өзінің акцияларын сатқысы келген кез-келген артықшылықты акцияларды ұстаушы сатуға өтінім қабылданған кезде немесе оған дейін «Орталық Құнды Қағаздар Депозитарийі» АҚ есеп-шотында құнды қағаздардың болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Артықшылықты акцияларды ұстаушылар өздерінің артықшылықты акцияларын сатуға лимиттелген қарсы өтінімдер беруге тиіс. Өтінім бағасы үтірден кейін екінші белгіге дейін дәл жазылуы және теңгеде көрсетілуі керек. Өтінімде көрсетілген қаржылық құралдардың саны сатылатын артықшылықты акциялардың санына тең болуы тиіс. Өтінімдердің көлемі сатылатын акциялар санын акция бағасына көбейткендегі көрсеткішке тең болуы тиіс.
Лимиттелген өтінімдер мамандандырылған сауданы өткізгеннен кейін Компания белгілеген кесу бағасы бойынша қабылданатын болады. Компания кесу бағасына тең немесе төмен болатын лимиттелген өтінімдерді қанағаттандырады. Компания бағасы кесу бағасынан асатын лимиттелген өтінімдерді қанағаттандырмайды.
ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2009 жылы 11,5 млн. тоннаны (тәулігіне 232 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2009 жылдың соңындағы жағдай бойынша 234 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды. Компанияның жай және артықшылықты акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2010 жылдың шілдесінде халықаралық Standard & Poor’s агенттігі Компанияның несиелік рейтингін «ВВ+» деңгейінде, ал 2010 жылдың қарашасында «GAMMA-6» корпоративтік басқару рейтингін растады.

Қосымша ақпарат алу үшін төменде көрсетілген телефондарға қоңырау шалыңыз:

Мамандандырылған саудаларға қатысты:
АӨҚО ақпараттық-анықтамылық қызметі - 8 800 080 01 77 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін)

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7600)
Дәулет Жұмаділ
e-mail: pr@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433)
Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz

Pelham PR (+44 207 861 3147)
Елена Добсон
e-mail: edobson@pelhambellpottinger.co.uk

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр» , «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер олар болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377