ОСК: Сайлаушылардың 51,8%-ы дауыс берді
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауына электораттың (сайлаушылардың) келіп қатысуы туралы мәліметті хабарлады.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 9 маусым сағат 14:00-дегі есеп бойынша сайлаушылардың 51,8% сайлау бюллетеньдерін алған екен.
Олардың ішінде:
Ақмола облысы бойынша – 56,7 %
Ақтөбе облысы бойынша – 69,4 %
Алматы облысы бойынша – 63,0 %
Атырау облысы бойынша – 45,4 %
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 59,8 %
Жамбыл облысы бойынша – 56,3 %
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 40,9 %
Қарағанды облысы бойынша – 49,7 %
Қызылорда облысы бойынша – 63,1 %
Қостанай облысы бойынша – 55,8 %
Маңғыстау облысы бойынша – 52,4 %
Павлодар облысы бойынша – 45,9 %
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 53,6 %
Түркістан облысы бойынша – 49,3 %
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 37,6 %
Алматы қаласы бойынша – 37,0 %
Шымкент қаласы бойынша – 40,5 %
Айта кетейік, Қазақстандағы сайлаушылардың саны 11 миллион 947 мың 995 адам.
Abai.kz