Сенбі, 23 Қараша 2024
Сайлау 4255 2 пікір 9 Маусым, 2019 сағат 14:06

«Аманат» азаматтық платформасы сайлау барысына қатысты алғашқы есебін жариялады

Сайлауға қатысты бүгін сағат 11:00-ге дейін 14 бұзушылық тіркелді. Олар негізінен болмашы сипаттағы техникалық және ұйымдастырушылық жағынан кеткен кемшіліктер. Бұл туралы әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде «Аманат» азаматтық платформасының өкілі Мұрат Әбенов мәлім етті.

Бүгін сағат 12:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның барлық аумағындағы сайлау учаскелері «Аманат» азаматтық платформасының тәуесіз байқаушыларымен қамтылды. Қазіргі уақытта 10 мыңға жуық байқаушы мен 400-ден астам мобильді капитандар барлық облыстарда байқау шараларына қатысуда. «Аманат» тарапынан байқау шаралары уақтылы басталды.

«Жалпы, сағат 11:00-ге дейін 14 бұзушылық тіркелді. Сәйкесінше, олар бойынша актілер құрылды, бұл бұзушылықтар болмашы сипаттағы бұзушылықтар.  Яғни, олар техникалық-ұйымдастырушылық сипаттағы кемшіліктер. Сонымен қатар 50-ге тарта ауызша ескерту жасалды және олар бойынша сайлау комиссиялары шұғыл шешім қабылдады», - деді «Аманат» азаматтық платформасының өкілі Мұрат Әбенов. Осы орайда ол тұғырманама тарапынан байқаушылық қызметті атқарып жүрген әріптестерін Қазақстанның заңдары талаптарын қатаң ұстануға шақырды.

Айта кетейік, жаңадан құрылған «Аманат» азаматтық платформасы бүгінгі сайлауға қоғамдық мониторинг жүргізуде. Түрлі қоғамдық ұйым өкілдерінен құралған топ саяси науқанға барынша белсенді қатысуда. Осылайша, еліміздегі әр сайлау учаскесіне «Аманаттың» атынан бір адамнан бекітілген.

Түпнұсқа: ҚазАқпарат

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394