Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1936 0 пікір 17 Маусым, 2009 сағат 18:34

Мерген ЫДЫРЫС. КҮЙЕУДІҢ КҮЙЕУІ ҚҰТЫРҒАН ЗАМАН...

Рахат, Тимурлар өз алдына, ХРАПУНОВ, ШКОЛЬНИК секілді қазақтың күйеулері көзмайлары өсіп, Қарасай бабам мен Шапырашты Наурызбай бабамның батырлықтары арқасында «аман қалған» Қазақ жерінің байлығын кекіріктері азғанша ішіп-жегенімен қоймай, шет ел асырып, шыбын-шіркейге жем етіп жатыр! Қазір күйеудің күйеуіне шейін Қазақтың қыр желкесіне мініп алып, қанын теспей сорып отыр.

Ресейлік «Атомредмедзолото» уран холдингі бұған дейін жартысы Қазақстанға тиесілі болып келген «Қаратау» ЖШС-ның 50 пайыз акциясын беріп, еліміздегі уран нарығында «Қазатомпромнан» кейін белсенділікке ие канадалық Uranium One холдингінің директорлар кеңесіне мүшелікке өтті. Бұрындары канадалық Uranium One деп аталатын компания мен «Атомредмедзолото» екі жақтап Қазақстан уранына қанша ұмтылғанымен негізгі талапты біздің жақ қойып, біздің дегеніміз болушы еді. Енді «Қазатомпромның» бұрынғы басшылығы кетіп, орнына Школьник бастаған отансыздар келгеннен кейін Ресей үкіметі қазақты бір шыбықпен өргізіп, жусатуға толық мүмкіндік алды. Естеріңізге сала кетейік, біздің еліміздегі уран өндіруші ресейлік ірі кәсіпорындарды осы Школьниктің күйеу баласы Вадим Живов дейтін кәсіпкер басқарады. Әрине, Живов Ресей азаматы!

Уран нарығын жақсы білетін сарапшылардың айтуынша, «Қазатомпромның» қазіргі басшысы Ресей мүддесіне еріксіз жол беретін тұлға. Осыған дейін бірде-бір алпауыт уран өнеркәсібі нарығында Жәкішевке дегенін істете алмай келген. Халықаралық қатынаста бірбеткейлігімен және білгірлігімен өз орнын таба білген Жәкішевтің алымдылығын мойындауымыз керек. Ендігі жерде «атасы басқа» Школьникті Қазақстан мүддесі үшін қасарысады дегенге сену қиын. Оның үстіне күйеу баласы осы салада нәпақа тауып жүрсе, өзінің де біршама бизнесі, мүлік-мүкәмалы Ресей жерінде болса, онда Школьник-күйеу де Храпуновшылап күні ертең құйрығын бір бұлғаң еткізбесіне кім кепіл?!

«ҚАЗАҚСТАН» апталығы, №23 (263), 18-маусым, 2009 ж.

фото Советбека МАГЗУМОВА, Астана (http://www.liter.kz)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5607