Тоқаевтың инаугурациясы ертең өтеді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың инаугурациясы ертең Нұр-Сұлттан қаласында өтеді. Бұл туралы "Абай ақпарат" хабарлайды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының ант қабылдап, президенттік қызметіне ресми кірісу рәсімі ертең, 12 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласындағы "Тәуелсіздік сарайында" өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясы 9 маусымда өткен президент сайлауының соңғы нәтижелерін жария етті. Ол бойынша:
Касым-Жомарт Тоқаев - 6 539 715 дауыс - 70,96 пайыз,
Әміржан Қосанов - 1 495 401 дауыс - 16,23 пайыз,
Дания Еспаева - 465 714 дауыс - 5,05 пайыз,
Төлеутай Рахымбеков - 280 451 дауыс - 3,04 пайыз,
Амангелді Таспихов - 182 898 дауыс - 1,98 пайыз,
Жамбыл Ахметбеков - 167 649 дауыс - 1,82 пайыз,
Сәдібек Түгел - 84 582 дауыс - 0,92 пайыз.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 9 маусымдағы сайлауға белсенді электтораттың 77,4 пайызы қатысқан.
Abai.kz