Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
4251 0 пікір 11 Маусым, 2019 сағат 11:05

Қазақстанда контрабандамен ұсталғандардың туыстары қырғыз президентіне жүгінді

Қазақстанда контрабанда үшін сотталған қырғыз азаматтары Уланбек Мурадилов пен Чынгыз Абакировтің туыстары Қырғызстан президентіне жүгінді. Бұл екеуі қырғыз парламентінің бұрынғы депутаты Дамирбек Асылбек уулумен бірге ұсталған.

Сотталғандардың туыстары олардың кінәсіз екенін дәлелдеуге көмектесуін сұрады. Олар Алматы соты шығарған үкім әділетсіз деп есептейді.

"Сот үкімі әділетсіз. Біз адвокат арқылы дәлелдерді бердік. Менің бауырымның кінәсі жоқ", - деді Мурадиловтың туысы.

Уланбек Мурадилов 2008 жылы Нарын қалалық кенешінің депутаты болып сайланған. 2010 жылы ол Нарын қаласы басшының орынбасары болып тағайындалған.

24 сәуірде Алматы соты Дамирбек Асылбек уулу контрабанда жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны 10 жылға соттауға үкім шығарды. Онымен бірге ұсталған Уланбек Мурадилов пен Чингиз Абакиров 10 және 8 жылға соталды.

2018 жылы 15-16 ақпанда Қазақстанның арнайы күштері елдің бірнеше өңірінде арнайы операция жүргізген. Ұсталғандар арасында Қырғызстанның үш азаматы болды.

2018 жылы сәуірде Қырғызстан орталық сайлау комиссиясы Дамирбек Асылбек уулу депутаттық мандаттан айрылғанын жариялады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 976
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2501
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 679
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 651