Сенбі, 23 Қараша 2024
4157 4 пікір 12 Маусым, 2019 сағат 10:55

WSJ: Ким Чен Ынның өлтірілген бауыры ОББ тыңшысы болған

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның өкіл бауыры Ким Чен Нам Орталық барлау басқармасының тыңшысы болған. Бұл туралы The Wall Street Journal газеті дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Басылым мәліметі бойынша, Ким Чен Ынның бауыры бірнеше мәрте ОББ агенттерімен кездескен, 2017 жылы оны Малайзияда өлтірерден бұрын ол барлау өкілімен кездесуге бара жатқан.

АҚШ үкіметіндегі дереккөз мәліметі бойынша, Ким Чен Нам ұзақ уақыт шетелде тұрған, оның КХДР-ге қандай да бір ықпалы болмаған. Бірақ басылым дереккөзі оның басқа елдердің, мысалы Қытайдың тыңшысы болуы мүмкін екендігін жоққа шығармады.

​Ким Чен Нам 2017 жылы ақпанда Куала-Лумпур әуежайында өлтірілді. Оның бетін бірден улап өлтіретін зат құйылған орамалмен тұмшалаған. Кісі өлтіру қылмысы үшін екі әйел сотталды. Олардың адвокатының айтуынша, әйелдер реалити-шоуға қатыстық деп ойлап қалған. Қазір олар бостандыққа шықты.

Ким Чен Нам Солтүстік Кореяның бұрынғы басшысы Ким Чен Ирдің үлкен ұлы, оны үзақ уақыт бойы мұрагер ретінде қарастырып келді, бірақ ол қуғынға ұшыраған соң шетелге қашып кетті.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434