«Үркер» – журналистика саласындағы үздік жүлде
2017 жылдан бастап ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен баспа, радио- және интернет журналистика саласына арналған ұлттық «Үркер» сыйлығы табысталып келеді.
Аталған конкурстің мақсаты – талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестеріне құрмет көрсету. «Үркер» сыйлығы алғаш рет жарияланғанда ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бұл жобаның маңыздылығы жайлы айтқан болатын.
- Отандық телевизияның үздіктері «Тұмар» сыйлығымен марапатталғаны белгілі. Осы орайда біз басқа БАҚ өкілдерінің еңбегін де ескергенді жөн көрдік. Сонымен, баспа, радио- және интернет журналистика саласына арналған тұңғыш ұлттық «Үркер» сыйлығын жариялап отырмыз,- деген еді министр.
Ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, оны насихаттан ерекшелейтін кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталады.
«Үркер» сыйлығы бұған дейін екі мәрте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, үздіктер марапатталған болатын. Екі жылдық тәжірибеге сүйене отырып «Үркер» ұлттық жүлдесінің журналистика саласына өте керек, бағалы жоба екенін сеніммен айтуға болады.
Бұл жүлде биыл да өз деңгейінде өтеді деп жоспарланып отыр. 25 мамырдан бастап «Үркер-2019» ұлттық сыйлығына қатысу үшін өтінімдер қабылданып жатыр. Сыйлықты жылдағыдай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырады.
«Үркер-2019» жүлдесі төмендегі номинациялар бойынша табысталады:
1) Жыл фотографиясы;
2) Жыл репортажы;
3) Жыл аналитикалық материалы;
4) Жыл журналистік зерттеуі;
5) Жыл сұхбаты;
6) Қазақстан туралы жылдың танымдық материалы;
7) Жыл радиостанциясы;
8) Жыл ақпараттық порталы;
9) Жыл газеті;
10) Жыл журналы;
11) Жыл new media (telegram-канал, әлеуметтік желілердегі үздік ақпараттық паблик).
Осы жылы дәстүрлі номинациялардан бөлек, «Жыл new media» номинациясы тағайындалып отыр. Бұл номинацияға қатысу үшін өтінімді танымал ақпараттық telegram-каналдар және әлеуметтік желілердегі белсенді топтар мен пабликтер бере алады.
;feature=youtu.beҮздіктерді еліміздің медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан танымал медиа менеджерлер, журналистер, қоғам қайраткерлерінен құрылған комиссия айқындайтын болады. Жеңімпаздарға 1 000 000 теңге және сыйлықтың арнайы естелік мүсіншесі табысталады.
Өтінімдер 2019 жылдың 25 мамыры мен 20 маусымы аралығында www.urker-awards.kz ресми сайтында орналастырылған үлгіге сәйкес қабылданады.
Abai.kz