Бейсенбі, 3 Қазан 2024
3284 1 пікір 13 Маусым, 2019 сағат 11:22

Сырдың бас қаласы жасыл желекке оранбақ

Сырдың бас шаһараның айналасында алдағы уақытта «жасыл белдеу» салынбақ, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Туған жер» бағдарламасымен қалаларды апаттандыру жөнінде айтылған болатын. Осы мақсатта облыс орталығында 534 гектар жер бөлінген. Қазіргі таңда бұл жобаны жүзеге асыруға тиісті қаражат қаралып, жоба-сметалық құжаттары әзірлену үстінде.

– «Жасыл белдеуді» орналастыру шаралары үш бағытта жүргізіледі. Алғашқысы - Жезқазған, екіншісі - Сырдария ауданы бағытын қамтыса, үшінші бағыты «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» бойынша жүргізіледі.

«Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жергілікті бюджет есебінен облыстың барлық елді мекенінде «жасыл белдеу» орнластыруға мән беріліп отыр. Оған жергілікті бюджет есебінен қаржы қаралмақ», - деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Айдар Абдуалиев.

Естеріңізде болса, Арал теңізінің құрғаған ұлтанында ұшқан шаң мен тұзды тоқтату үшін 25 жылда 173 мың гектар аумаққа сексеуіл ағаштары егілді. Оған облыстық бюджеттен қаржы бөлінеді. Биыл аталған аумақта 5 мың гектар жерге сексеуіл көшеттері отырғызылмақ. Сонымен қатар, Арал өңірде Оңтүстік Кореяның орман шаруашылығы қызметімен бірлескен «Арал теңізінің құрғаған ұлтанында фитоорман мелиорациялық жұмыстарын жүргізу» жобасы жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 2018-2019 жылдарда сол аумақта 10 мың гектар сексеуіл егілмек.

Abai.kz

1 пікір