Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3802 0 пікір 29 Маусым, 2011 сағат 06:23

Қуандық Шамахайұлы. Шенеунік пен сазгер

 

(әзіл әңгіме)

Жастары елуді еңсерген екі азамат әңгімелесіп отыр. Дастарханда бір бөтелке ақ арақ және тіске басар жеңіл-желпі тағамдар бар.

-   Мәкен, сен білесің бе? Осы бір ғажап әуен мені қанша қинады.Творчество деген өте нәзік әрі азапты дүние ғой. Әй, сен түсіңбейсің-ау... көңіліңе келсе де айтайын. Сен Дон Жуансың! Білген адамға дәл бүгін менен бақытты жан жоқ. Мәңгі жасайтын бір туындыны нотаға түсіріп қойып отырмын, - деп сазгер Сәкен толқи сөйлеп, арасында үстелді жұдырықпен салып қояды.

-  Ой, Сәке! Сен не, қызып қалдың ба? Ол болмайды,- деп маңғаздана үн қатқан шенеунік Мәкен қалтасынан тілдей ғана телефон шығарып, шиқылдата басты.

-  Алло? А, мен ғой. Танымай қалдың ба, не?! Иә, иә...дұрыс қой. Сақтансаң сақтаймын деген. Мен дәл кешкі сағат жетіде желіп жетемін. Разговор жоқ,- деді де, әлгі тілдей телефонын қалтасына сүңгітті. Қырлы стақанды толтыра бір тартып жіберген Сәкен досына:

-   Мен саған жаңа туындым туралы айтайын.

-  Айт, айт!

 

(әзіл әңгіме)

Жастары елуді еңсерген екі азамат әңгімелесіп отыр. Дастарханда бір бөтелке ақ арақ және тіске басар жеңіл-желпі тағамдар бар.

-   Мәкен, сен білесің бе? Осы бір ғажап әуен мені қанша қинады.Творчество деген өте нәзік әрі азапты дүние ғой. Әй, сен түсіңбейсің-ау... көңіліңе келсе де айтайын. Сен Дон Жуансың! Білген адамға дәл бүгін менен бақытты жан жоқ. Мәңгі жасайтын бір туындыны нотаға түсіріп қойып отырмын, - деп сазгер Сәкен толқи сөйлеп, арасында үстелді жұдырықпен салып қояды.

-  Ой, Сәке! Сен не, қызып қалдың ба? Ол болмайды,- деп маңғаздана үн қатқан шенеунік Мәкен қалтасынан тілдей ғана телефон шығарып, шиқылдата басты.

-  Алло? А, мен ғой. Танымай қалдың ба, не?! Иә, иә...дұрыс қой. Сақтансаң сақтаймын деген. Мен дәл кешкі сағат жетіде желіп жетемін. Разговор жоқ,- деді де, әлгі тілдей телефонын қалтасына сүңгітті. Қырлы стақанды толтыра бір тартып жіберген Сәкен досына:

-   Мен саған жаңа туындым туралы айтайын.

-  Айт, айт!

-  Сен көкірегіңе түсіріп, көзіңе елестетші! Айлы түн. Қазақ ауылының жайлауы. Бірақ, менің шығармам Бетховенді қайталау емес. Одан мүлдем бөлек. Сен біліп қой! Ай сәулесі түскенде, айналада бір түрлі тыныштық орнайды да,одан ерекше бір салқындық сезіледі. Адам күн сәулесінен жылылықты сезінеді ғой, әдетте. Ал, ай сәулесі деген одан бөлек. Бұрын мұның бір түрлі реті келмей жүріп еді, бүгін сәті түсті. Сен келерден бұрын пианинада екі рет ойнап көрдім. Тіпті ғажап. Мұндай сәтті істі жуу керек. Қане, сол үшін алып жіберейік! -деп стақанды толтырып ұсынды.

-  Жо-жоқ! Мынауың не, ей? Осыншама толтырып. Бүгін мен өте мас болып қалмауым керек. Сәл-пәл қызыңқырап алсам кешке бір маңызды шаруа болып тұр.

-  Шаруаны қой сен! Бүгін ішіуміз керек. Жайлау деген көшпенді қазақтың  осы дүниедегі жұмағы. Менің балалық шағым сондай бір тамаша пейіште өтті. Қырық күн шілденің әр бір тәулігі той деген сөз. Мен көзбен көрдім.

-  Жарайды, өткенді аңсап нең бар? Мен бір звондап  жіберейін.

- Телефонды қой! Жек көремін осы бір сотка дегенді. Ертең-ақ қоқыс жәшігіне лақтырылатын затты... Сонымен, Мәкен! Сен айтшы! Мал жусап, айнала тынышталып, жұрт ұйқыға кеткенде, тамылжыған бір айлы түнде құлаққа әлдебір әуен талықсып жетеді?

-  Мен қандай білем? Қызықсың ғой өзің...

-  Сен білмейсің! Жайлаудың айлы түні деген тұнып тұрған сонета. А, сосын тағы... Мен саған не айтайын дедім?

-  Ұмытып қалсаң кейін айтарсың...

-  Жоқ, кейін айтатын ақымақты тапқан екенсің, сен? Мен ішкі жан сырымды ақтарайын деп жаңа туындымды жуып отырған жоқпын ба?

-  Енді, ұмытқан өзің ғой... кейін айт! Мен бір звондап...

-  Тоқта, тоқта! Еске түсіріп алайын...А, иә...жайлау түні...

- Ой, оны айтқансың, немене қайта-қайта...

- Тоқта дедім ғой. Жайлауды Чайковский де көрмеген. Оны білетін шынында менмін. Жаңа туындымды «Жайлау түні» деп атаймын. Нағыз «құлақтан кіріп бойды алатынның» өзі болайын деп тұр.

Ол орнынан тұрып, келіп тастай түйілген жуан жұдырығын Мәкеннің құлақ шекесіне тақады. Шенеунік қатты сасқаннан екі көзін адам аярлық жыпылықтатып, «дұрыс, дұрыс» деп бас шұлғи берді. Сазгер Сәкен дамылсыз сөйлейді. Бірдемені тауып айтқысы келеді. Бірақ, өзгені қайталағысы жоқ. Жаттанды сөзден бойын аулақ ұстайды. «Есектің құлағына алтын құйсаң да, су құйсаң да басын шайқайды» демекші, Мәкен оны ұғып та жарытып отырғаны шамалы. Оның ойы тіпті мүлде басқа жақта. Бүгін сазгер досы Сәкеннің үйінде болып, түн ауғанша отырып қайтатынын үйіндегі аюдай ақырған бәйбішесіне мәлімдеп қойған. Енді ең бастысы, кешкі жетідегі «маңызды шаруаға» мас болып қалмай жету керек. Ал, дәл қазіргі сәтте өзінің ойы басқада екенін Сәкенге сездірмеуі керек. Сондықтан, тыңдаған болып, қалыптасқан әдетіне сай бас шұлғи отыруы қажет. Егер онысын бұзақы сазгер сезіп қойса, оңдырмай ұратынын жақсы біледі. Осы себептен ол қайыра сұрақ қойып қалса, жаңылып, шатыспау үшін кейбір сөздерін есте сақтауға тырысып бағып отыр. Арасында «жетіге дейін мас болып қалмау» деген ой зу етіп енгені сол еді:

- Ал, қандай екен, менің жаңа туындым? - деген қатқыл үн саңқ етті.

- Тамаша, Сәке! Тіпті ғажап! Сенің әңгімеңнен соң, өмірімде көрмеген жайлау түнін жан жүрегіммен сезінгендей болдым. Сенің бұл сазды әуенің арқылы тас керең саңырауды емдеуге де жарайтын сияқты, - деп орнынан атып тұрып досының қолын алды.

Сәкен оның қолынан айырылмады, одан ары қыса түсіп:

-  Сен шын айтасың ба, әлде, кекетіп тұрсың ба?

-  Мен саған өтірік айтқандаймын ба, не?

- Онда андағы көзілдірігіңді ал!

- Неге? Ұрмақсың ғой...

- Ұрмаймын. Сөзіңнің рас, өтірігін маған өзің емес көзің айтады.

Мәкен көзілдіргін алып, оған шын ниетімен берілген адамның кейпін жасауға тырысты. Екеуі бір-біріне жақындап, көз түйістіріп телмірісті. Ежелден жасық әрі жалтақ шенеунік содыр-сойқан сазгерден өлердей қорықса да, онысын сездірмеуге бар өнерін салып, табақтай бетін мелшите қалды. Егде тартқан екі адамның бұл тұрыстары сырт көзге өте оғаш көрінер еді. Бірақ, өздері үшін бәрі дұрыс.

- Сен рас айтыпсың! Мен музыкамды ойнап көрсетер едім. Бәрібір сен түк түсінбейсің. Жарайды, онда тұрған не бар, ішейік! - деді сазгер сәлден соң бөтелкенің түбіндегісін сарқып құйып жатып.

Мәкеннің алқынған жүрегі орнына түсіп, көңілі жайланды. Ал, қатты толқыған сазгер тіпті мас болып қалды.

- Жүр, екеуіміз дүкенге барып, тағы бір жартылық әкелейік, - деді де, Сәкен тәнтіректеп киіне бастады.

Шенеунік мас адаммен бірге тысқа шығып сенделіп жүруді жөн көрмеді.

- Сәке, енді жетеді, қажет емес.

- Неге?

- Сен мас болып қалдың

- Онда сен барып кел!

- Мен қалай барамын?

- Неге болмайды?

- Біреу-міреу көріп қойса...

- Жарайды, өзім-ақ барайын,- деп сазгер сенделе басып шығып кетті.

Мәкен табан астында екі жерге телефон соғып жіберді. Біріне «сағат жетіні тағатсыздана күтуде» екендігін хабарлады. Екіншісіне:

-  Бәке, мені ешкім іздеген жоқ па? А, қандай проблема? Бастыққа айтсайшы! Иә, иә. Басқа не айтасың? А, әлгі не ме? Өзің бірдеме ғып реттей сал! Менің бүгін қолым тимейді. Сол әлі министрліктен шыға алмай отырмын. Бүгін жұмыс жаққа бара алмаймын. Ертең таңертең маған әкел! Ал, кездескенше!

Мәкен суық сумен басын жуып, аузын шайды. Айнаның алдына келіп онсыз да сұйылып, сиреп бара жатқан бес тал шашын арлы-берлі сипалап ұзақ тарады. Үлкенірек айна кезіксе құр жібермеу оның ежелгі әдеті. Көпшілік орындарда да, жұртқа байқатпай дәу айналарға қарағыштай береді. Сонда алыстан қарағанда, тәп-тәуір сымбатты әрі әжептәуір жастау жігіттің бейнесі көзге жылы көрінетіні бар. Өзінің осы бір тәп-тәуір кейпін әлсін-әлсін көргісі келеді де тұрады. Сондықтан да соңғы кездері әсем Астана ғимараттарының биік әйнек терезелерін, есіктерін, тіпті, жалт-жұлт еткен қабырғаларын да қалт жібермей жүр. Ондай кезде көңілі көтеріліп, бір серпіліп қалады. Ал, күнделікті таңертең өз үйіндегі айнадан тым жақыннан өзін көргенде еріксіз күрсініп, көкірегін мұң торлайды.

...Сәкен әлі сөйлеп отыр. Әбден мас болып, есінен айырылыпты. Мәкен енді оның сөзіне де, өзіне де пысқырып отырған жоқ. Тұздалған қияр мен шұжықты қалағанынша асап, ара-тұра жүз грамнан аздап тартып қояды. Әлсін-әлсін сағатына қарап қойып, шашын сипайды. Бір кезде сазгер досы:

-Мәкен, сен бар болғаны бабник еркек қанасың! Өзге түгің де жоқ-деді ықылық атып.

-Онда тұрған не бар? Талай сұлудың қызығын көрдім. Сонда да, әйелім, бала-шағам бар. Сен секілді салт бас, сабау қамшы емеспін.

- Нағыз хас сұлудың кім екенін өнер адамы ретінде мен ғана білемін. Ал, сенде эстетикалық талғам жоқ. Сен етегін түргеннің бәрін ару деп ойлайсың. Өйткені, сен оларға бұқаның көзімен ғана қарайсың ғой.

-Сеніңше хас сұлу кім сонда?!

-Өзімізбен бірге оқыған Айжан.

Мен оған өзімнің он тамаша әнімді арнадым. Бірақ, оны мен өзіне айтқан да емеспін, сондықтан білмейді де.

Өмір бақи сырттай ғашық болып келемін. Ол тұрмысқа шыққанда бақыт тіледім. Күйеуі де мықты азамат, адал. Екеуі де пәк еді ғой. Солай қосылған. Алғашқы махабаттыма адалдығымды паш ету үшін үйленбедім, үйленбеймін де. Айжанның өзі де, күйеуі де бір-біріне опасыздық жасамаған адал жандар.

Ал, сен кімсің? Опасызсың! Лыққан қаншық иттердің соңынан сумаңдаған бұралқы төбетсің! Одан тапқан пайдаң не? Артыңда не қалды?! Сенен ойлағанда менің артымда із қалды.

-Қандай із қалдырдың, сен?

-Жаңа ғана айтқан ''Жайлау түні'' деген бір туындым үшін-ақ келер ұрпақ мені ауыздарынан тастамайтын болады.

-Келер ұрпақ сені айтқаннан не пайда? Азғана өмірде қызық көру керек қой. Ой, жынды!

-Көрген қызығыңнан сенің тапқан пайдаң не?

-Сені мықты сазгер болды деп,кейінгі ұрпақ айтсын-ақ. Ал, сен оны көрде жатып естіп мәз боласың ба, сонда?

-Жоқ, мүлде олай емес.

-Ендеше , мені неге қорлайсың? Ал, кеттім онда.

-Жоқ, сені жібермеймін!-деп Сәкен есіктегі кілтті суырып алды.

-Игілік үшін күрескен дара тұлғалар көзі тірісінде бақытқа кенеле алмайды. Олардың көрмеген жақсылығы кейін талай ұрпаққа рухани азық болады,-деген сазгердің сөзі шенеуніктің жүйкесіне тисе де ол төзді.

-Сәке, рахмет! Мен енді кетейін!-деп жалынды өтірік күлімсіреп.

-Жоқ, жалғастырамыз! Таң атқанша ішеміз! Қыз-қырқынды қой! Басыңның қасқасын жасырғаныңмен, шашыңның ағын білдіртпеген болып, бояғаныңмен бәрібір, бір күні сырың ашылады. Адамды алдарсың, уақытты алдай алмайсың. Отыр, мен сені адам қатарына қосайын! Осы күйі жүре берсең, хайуан қалпыңда өтерсің.

Мәкен ашуланып, оның қолындағы кілтті тартып алмақ болып жағаласты. Әлі жетпеген соң одан ары күйіп-пісті.

-Өзін классикпін деп ойлайды екен. Қарай гөр мұны! Келер ұрпақ сені қайтеді? ''Жайлау түні'' дейді, тфу! Қазір қайдағы жайлау? Ауыл тараған, мал таусылған. Ел күнін көре алмай азып-тозып жүрсе, сенің музыкаңмен к...н сүрте ме? Ақымақ, түк көрмеген қияли мәмбет! Сенің қиялындағы ару Айжан кезінде менен қалған. Ешкім білмеуші еді, енді сен біліп ал!

Сен қиялдап жүрсең, мен өмірде дәмін татып жүрмін. Ал, не ғыл дейсің, ақымақ! Екеуміздің айырмашылығымыз осында, білдің бе?!

Осы сәтте шенеунік Мәкеннің оң көзінен от жарқ еткендей болды да, қара құсымен бетон қабырғаны қатты сүзгенін сезбей де қалды.

-Ой, ақымақ бұзақы!-деп айғай салған Мәкен қарсы алдындағы айнадан өзін көрген сәтте тіпті ойбайға басты.

Көзі бұлаудай боп ісіп, шіріген алмаға ұқсас түске ене бастаған соң ваннаға қарай жүгіріп, суық сумен жуып көрді. Көздің ісігі одан бетер ұлғайып, ақыры оң көзі жұмылып тынды.

-Әй, алқаш неме! Соттасамын, бүгінгі жоспарымның бәрін күйреттің ғой, ақымақ!-деп сыңар көзі қанталап айғайлап тұрды.

Сазгер Сәкен сәл есін жиғандай болып, алдында тұрған, бір көзі ісіп кеткен әлде бір қасқа бас адамды көрді. Ол бірдеме айтып, өзін ұрсып тұрғанға ұқсайды. ''Бұл кім өзі?''. Мас сазгердің ойына оралған сауалға жөпелдемеде жауап табыла қоймады. Өте таныс бейне. Жалтыраған қасқа басы біртүрлі бөтен секілді. Бұқаның көзіндей қанталаған жанары және сол жақ самайында аттың шоқтығы секілді салбыраған бір уыс ұзын шашы оның Мәкен екенін бірден паш етті. Сол «шоқтығымен» қасқа басын жауып жүрмеуші ме еді. Енді таныды. Дәл өзі!

Сыңар көзі көгеріп ісіп, жұмылып кеткен қасқа бас сұрықсыздау шенеунік:

- Мен ертең ел бетіне, мына түріммен қалай қараймын?! Сен сияқты анайы алқаш емеспін ғой, - деп айғайлаумен әлі тұр. Ал, сазгер болса, ''Сенің шынайы болмысың осы ғой'',-деп айтуға қанша ұмтылса да шамасы келмей қор етіп ұйықтап  кетті.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338