Сенбі, 23 Қараша 2024
4116 11 пікір 13 Маусым, 2019 сағат 17:40

«Бірлігі жарасқан елде ғана халықтың әл-ауқаты көтеріледі»

Елдің тыныштығы қашанда бағалы
Әлібек Асқаров, ақын:

– Алматы мен Нұр-сұлтан қалаларында болып жатқан жағдайлар отандастарымызды терең толғандыруда. Бұл оқиғалар бейжай қарайтын жағдай емес. Әркез Отанымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз баянды болсын деп тілейміз. Елдің тыныштығы қашанда бағалы. Кімде кім болсын, балаларымыздың, немерелеріміздің болашағы, заманы тыныш болса екен дейміз. Біз тәуел­сіздігімізді алғанымызға 28 жыл болды. Осы уақытта біз өзіміздің бостанды­ғымызға, қауіпсіздігімізге, демократияға қол жеткіздік. Ең бастысы, біз өсіп-жетілдік.

Картинки по запросу Әлібек Асқаров

Бірлігі жарасқан елде ғана халықтың әл-ауқаты көтеріледі
Күнсұлу Шаяхметова, театр және кино актрисасы:

– Сайлаудан кейін болған жағымсыз оқиғалар жұрттың әбігерін туғызды. Енді өткен өтті, болған іс болды. Неге мұндай оқиға орын алды? Бізді бұл сұрақ алда да талай ойландырары анық. Ендігі жерде, Қазақстан халқы бірлігімізді нығайтып, еліміздің бүгінгісі, болашағы, ұрпақтарымыздың келешегі үшін елде бірлік пен бейбіт өмір болуына біркісідей күш жұмсауымыз керек. Теқ қана өмірі бейбіт, бірлігі жарасқан елде ғана халықтың әл-ауқаты көтеріліп, алға жылжиды.

Өз басым, қазақ жастары арандап қалмасын, жамандыққа ұрынбасын деп тілеймін.

Картинки по запросу Күнсұлу Шаяхметова

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5487