Сенбі, 23 Қараша 2024
4338 4 пікір 14 Маусым, 2019 сағат 11:23

Қазақстан Республикасы Президентіне үндеу

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Екі миллион кәсіподақ мүшелерінің атынан Сізді Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауындағы айқын жеңісіңізбен құттықтаймыз!

Еліміздің аумағындағы экономикалық және әлеуметтік салалардың барлығының мүддесін білдіретін Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы Қазақстанның қоғам әлеуетін жақсартуға бағытталған үйлесімді қоғамдық-саяси үрдісті және әлеуметтік дамуға бағытталған қадамын әрі қарай жалғастыра беретіндігіне сенімді.

Елбасының стратегиялық бағытының сабақтастығын қамтамасыз ете отырып, біздің мемлекетіміз дүниежүзілік қауымдастықта өзінің лайықты орнын алатынына кәсіподақ мүшелері кәміл сенім білдіреді.

Біз бүгінде ел дамуының жаңа кезеңіне аяқ басқан әр қазақстандық отбасының, бүкіл қоғамның әл-қуаты әлеуметтік әріптестік тараптарының ел өмірінің барлық салаларындағы ортақ іске тең дәрежеде атсалысуына байланысты екендігіне сенімдіміз. Әлеуметтік әріптестік институты қазіргі таңда Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде тұрақтылықтың кепілі болып табылады.

Қасым-Жомарт Кемелұлы, ҚР Кәсіподақтар федерациясы Сіздің  Мемлекет басшысы ретінде еліміздің кәсіподақтарына әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша, адамның және азаматтың  конституциялық құқықтарын қорғау және тәуелсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мәселелері бойынша жан-жақты қолдау көрсететініңізге сенімді.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы Үкімет және мемлекеттік органдар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатын жетілдіруге бағытталған кешенді іс-шараларды жүзеге асыруы тиіс деп есептейді.

Біз Халықаралық еңбек ұйымының бірқатар конвенциясын, атап айтқанда, «Әлеуметтік қамсыздандырудың төменгі нормалары туралы» 102 конвенциясын, «Дамушы елдерді ескере отырып, төменгі еңбекақыны бекіту туралы» 131 конвенциясын, «Ұжымдық келіссөздерге жәрдемдесу туралы» 154 конвенциясын, «Толық емес жұмыс уақыты жағдайындағы еңбек туралы» 175 конвенциясын, «Ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы мен қауіпсіздігі туралы» 184 конвенциясын бірінші кезекте бекіту маңызды деп санаймыз.

Халықаралық еңбек ұйымының жоғарыда көрсетілген конвенцияларын бекіту Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік заңнамасын жетілдіруге, барлық санаттағы жұмысшылардың еңбек құқықтары мен оларға берілетін кепілдердің артуына жәрдемдеседі.

Сондай-ақ, бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын есептеу көрсеткішін қайта қарастыру қажет. Бұл мәселенің оң шешілуі  азаматтық қызметшілердің лайықты еңбекақы алуын қамтамасыз ететіндігі сөзсіз.

Қазақстанда өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі байқалады. Осы орайда «Қауіпсіз еңбек» мемлекеттік (үкіметтік) бағдарламасын, сондай-ақ өндірістік жарақаттануды азайту, еңбекті қорғау жүйесін енгізу, кәсіби қауіптерді саралау бойынша кешенді жоспар әзірлеу қажет.

Еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру, жазатайым жағдайлардың алдын-алуды күшейту, жұмыскерлердің талап қою рәсімін және татуластыру рәсімдерін өткізуді жеңілдету, ұжымдық шарттарды міндетті түрде жасау мәселелері бойынша Еңбек заңнамасын жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.

Біз осы маңызды міндеттерді жүзеге асыруда кәсіподақтардың, үкіметтің және жұмыс берушілердің бірлескен күш-жігері Қазақстанда Еңбек адамына әлеуметтік әділдік пен лайықты еңбек шарттарын қамтамасыз ететіндігіне сенімдіміз.

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы
Бас кеңесінің 2019 жылғы 12 маусымдағы отырысында қабылданды

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485