Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 4582 10 пікір 14 Маусым, 2019 сағат 13:53

«Заңсыз митингке қатысқандар жазаға тартылды»

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері елдегі құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы айтты. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бас прокуратураның Қызмет бастығы Сапарбек Нұрпейісов өз сөзінде прокуратура бірнеше рет ескертуіне қарамастан, жекелеген адамдар арандатушыларға еріп, митингілерге шығып, тәртіп сақшыларына шабуыл жасаған. Нәтижесінде, үш полиция қызметкері зақымданды. Бұл ретте осы әрекеттерге жауап ретінде полиция қызметкерлері азаматтарға арнайы құралдар қолданбаған.

Спикер азаматтардың тыныштығын қорғау үшін өрескел заң бұзушыларды полиция бөлімдеріне жеткізгендігін атап өтті.

 Заңсыз акцияға қатысқаны, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 957 адамды сот әкімшілік жауаптылыққа тартты, оның ішінде қамауға алынғаны - 670, айыппұлға – 115 және 172 адамға ескерту жасалды.

12 маусымда Мемлекет басшысы Бас Прокурорға азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету бойынша дереу шаралар қабылдауды тапсырғанын еске саламыз.

 «Ұсталған тұлғалардың нақты саны мен олардың кінәларының деңгейін анықтау қажет. Наразылық орнында кездейсоқ болған кінәсіз азаматтар мен тұлғаларды босату керек»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған байланысты қадағалау өкілеттігі аясында прокурорлар 311 адамға қатысты сотқа қамау мерзімін төмендету туралы апелляциялық өтінішхат енгізіді және ол қанағаттандырылды.

Бүгінде арнайы қабылдау мекемелерінде 180 адам қамауда жазасын өтеуде

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498