Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3315 0 пікір 29 Маусым, 2011 сағат 12:54

Облыс басшысы су тасқынынан кейін салынып жатқан тұрғын үйлер құрылысының барысымен танысты - БҚО

ОРАЛ. 29 маусым. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов бүгін өңірде су тасқынынан кейін салынып жатқан тұрғын үйлердің  құрылысы барысымен танысты.

Облыс басшысының сапары Орал қаласы 5-шағын ауданында 90 пәтерлік үйді қараудан басталды. «СВ+» ЖШС салып жатқан үйдің құрылыс жұмыстары ойдағыдай жүруде. Бастапқы екі қабат толығымен біткен, терезелер орнатылды. Қазір үшінші қабаттың құрылысы аяқталып келді. Ішкі әрлеу, электр желісін тарту жұмыстары да қатар жүруде. Құрылысқа қажет темір-бетон бұйымдарын, плиталар мен блоктарды компанияның өзі өндіруі жұмыстың кестеге сай жеруіне мүмкіндік беріп тұр. «Құрылыс материалдарын дайындау үшін қажет шикізаттың көбін Ресейден аламыз, - дейді серіктестіктің бас директоры Сәбит Өтебәлиев. - Ол жақта баға тұрақсыз. Мәселен, цементтің өзі жыл басынан бері үш рет өсті. Соңғы рет маусым айының басында 30 пайызға қымбаттады. Және бәріне де алдын ала төлем жасау керек. Отандық өнімді алғымыз келеді. Бірақ ол бізге қиындық тудырмақ. Қарағанды мен Шымкенттің зауыттарына теміржол тартылмаған. Сол себепті тасымалға уақыт әрі қосымша шығын кетеді. Қиыршық тас үшін Ақтөбеге алдын ала төлем жасап қойдық. Вагон жетіспеуіне байланысты қиыршық тасты ала алмай отырмыз».

Бақтықожа Салахатдинұлы Үкімет арқылы бұл мәселелерді оңтайлы шешу жолдарын қарастыратынын айтты.

Іргелес орналасқан дәл осындай үйдің құрылысын «Жайықсельстрой» компаниясы жүргізуде. Көршілерімен салыстырғанда бұл жердегі құрылыс онша қарқынды емес. Соған орай облыс әкімі мердігер компания басшыларына жұмыс ырғағын жеделдетуді тапсырды.

Осы шағын аудандағы ең үлкен үйдің құрылысын  «Альтаир»  ЖШС  жүргізуде. 240 пәтерлі бұл үйдің алтыншы қабаты аяқталып қалған. Екі жүзге жуық құрылысшы уақытпен санаспай еңбек етуде. Жұмысқа студенттік құрылыс жасақтары да тартылған. Серіктестік басшыларының айтуынша, құрылыс материалдарына байланысты көп қиындық жоқ. Жылыту маусымына дейін үй толығымен дайын болады.

Бұдан кейін облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Тасқала ауданындағы құрылыс қарқынымен танысты. Өңір басшысы тасқын судан зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлердің  сапасына назар аударды.

Құрылыс қарқынымен жіті танысқан облыс әкімі салынған баспаналардың тұрғындар үшін жайлы, әрі жылы болуын, үй шатырларының да мұқият бекітілуін тапсырды. Одан соң жаңа тұрғын үйлердің болашақ қожайындарымен кездесіп, талап-тілектерін тыңдаған әкім мемлекет басшысының да сәлемін жеткізді.

-Табиғат апатына байланысты Президентіміздің  тікелей тапсырмасымен Үкіметтен қомақты қаржы бөлініп, ол қаражат мақсатты іске жұмсалып, уақытылы игерілуде. Облыстық, қалалық мәслихаттың сессияларында қайта жөндейтін үйлерге қаражат бөлу мәселесі де шешілді. Келесі аптаның аяғына дейін ол қаржы да бөлінеді. Ал шілде айында осы тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып, тамызда абаттандыру жұмыстары да толық тәмамдалуы тиіс, - деді Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Сондай-ақ облыс әкімі тұрғындармен кездесуде жол, газ жүргізу жұмыстары біткен соң болашақ үй иелерінің өз баспаналары маңына ағаш, гүл отырғызу қажеттігін де тілге тиек етті.

Көктемгі су тасқынына байланысты қазір Тасқалада 72 үй салынуда. Оның сегізі бір пәтерлік, қалғаны екі пәтерлік. Құрылыс жұмыстарын «Утеш», «ЕрСтройЖайық», «Стройинвест плюс», «Жайықгидрогеология» ЖШС, өзге де құрылыс компаниялары жүргізуде. Аудан әкімі Өтеміс Мырзағалиевтің сөзінше, су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлерге су құбыры тартылды. 60 метрлік 2 ұңғыма қондырығысы орнатылған. Газ құбырлары мен электр жүйелері де жүргізілуде. Қазір тұрғын-жайлардың айналасы қоршалып, жол салу жұмыстары  басталады.

Тасқала ауданына барған сапарында облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов  «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша бой көтерген 300 орындық мектептің құрылысымен де танысты. 2009 жылы іргетасы қаланған білім шаңырағы алдағы жаңа оқу жылында пайдалануға берілмек. Жанында 100 оқушыға арналған жатақханасы бар мектеп ғимаратын аралаған өңір басшысы құрылыс сапасына байланысты бірқатар сын-ескертпелер жасады. Бұл нысан «Газ жобалау ҒЗЖИ» ЖШС-ның жобасымен салынуда.

Облыс әкімі сонымен қатар Зеленов ауданында да болып, ондағы тұрғын үйлер құрылысын да назардан тыс қалдырған жоқ.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329