Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2103 0 пікір 17 Маусым, 2009 сағат 19:07

Шығыс Қазақстанның ҮЕҰ жемқорлықпен күресте малайзиялық тәжірибені пайдалануды ұсынады

Өскемен.   17 маусым. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстанның ҮЕҰ елімізде жемқорлыққа қарсы тұрудың әдістерін және қоғамда осы құбылысқа қатысты төзімсіздік атмосферасын қалыптастыру жайын талқылады. Талқылаудың соңында Қазақстан жемқорлықпен күрес үшін басқа мемлекеттердің, соның ішінде Малайзияның ең үздік, аса қолайлы әдістемелерін таңдау керек деген қорытынды жасалды.

Жастар және балалар ұйымдарының «АМиДО» қауымдастығының өкілі Мунира Абдулованың айтуынша, Қазақстанда жемқорлықпен күрес жүйесі тиімсіз, өйткені барлық құрылымдарда адами фактор бар. Оны толығымен алып тастап, электронды ресурстармен алмастырғанда ғана белгілі бір жетістікке жетуге болады, дейді ол.

«Жемқорлық бойынша білім және денсаулық сақтау салалары алдыңғы қатарда тұрғаны алаңдатады. Мысалы, студенттердің арасында әдетте «сессияны тапсыру» деген сөз тіркесінің орнына «сессияны шешу» сөз тіркесі айтылады», - деп мәлім етті өз пікірін білдірген әлеуметтанушылар және саясаттанушылар қауымдастығы филиалының басшысы Майраш Екібасова.

М. Екібасова, жемқорлыққа қарсы насихатты БАҚ жүргізе алатынын жеткізді, алайда «адамдар оларға көбінесе сенімсіздік танытады, өйткені газет беттерінен жемқорлардың есімдерін табу немесе нақты мысалдарды оқу мүмкін емес, сандар ғана, демек, жемқорлықпен күрес тек сөз жүзінде ғана бар, сандардың артында нақты адамдар жоқ».

Жастардың инструкторлық –оқу орталығының жетекшісі Ирина Шведунова жемқорлықты түп-тамырымен жою үшін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын енгізіп, мемлекеттік қызметкерлер этика нормаларын қатаң сақтап, олардың еңбекақысын көтеру қажет деп ойлайды.  Осы үш бағыт бойынша кешенді саясат жүргізу Малайзияда әкімшілік жемқорлықты жоюға көмектесті. Саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың пікірінше, малазийялық тәжірибені Қазақстанда да қолдануға болады.

Талқылауға қатысқандар қорытынды шығара отырып дайын әдіс жоқ екенін атап өтті. Қазақстан әрқашан басқа елдердің үздік тәжірибесін пайдаланып келеді. Бұл жемқорлықпен күрестегі тиімді тәжірибеге де қатысты. Бұған қоса, Қазақстанда қазір қолданылып жатқан жемқорлыққа қарсы шараларға мониторинг жүргізу қажеттігі айтылды.

Шеберлік сағаттарын өткізу қоғамда жемқорлыққа қарсы технологияларды қалыптастырудағы алғашқы қадам болмақ. «Шеберлік сағаттары адамдар арасында оларды әдетте «үрейлендіретін» мәселелер бойынша ағарту жұмыстарын жүргізуге бағытталған, жемқорлық адам заңды, тәртіпті, процедураны білмейтін жағдайларда пайда болады, деп атап көрсетті «ЗУБР»  консалтинг орталығының басшысы Наталья Васильева.

Мысалы, шеберлік сағаты салықтық тексеруге арналуы мүмкін, онда білікті маман аудиторияға осындай тексеру жүргізу кезінде білу қажет жағдайларды түсіндіріп, жиі жіберілетін қателіктерді болдырмаудың жолдарын үйретеді. Бұл - ықтимал тақырыптардың біреуі ғана, өйткені әр адам осындай оқиғаларға тап болып, өзін қалай қорғауды білмеуі мүмкін.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5600