Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5450 14 пікір 20 Маусым, 2019 сағат 11:30

Енді "қазақ факторы" барлық салада рөл ойнайтын болады

Соңғы оқиғалар халықтың шешілмей жатқан әлеуметтік мәселесі, демократияға деген ұмтылысы мен шынайы бостандық сезіміне деген талпынысынан бөлек, қазақ факторының өскенін көрсетті.

Енді бұл мемлекетте шынайы өзгерісті қазақ ұлты жасайтын болады. Өйткені қазіргі Қазақстан ол 1939 жылғы қазақтың саны 37 % болған Қазақстан емес. Қазіргі Қазақия 1959 жылғы қазақтың саны өз жерінде небәрі 28%-ды құраған Қазақстан емес. Қазақтың саны 36% құраған 1979 жылғы немесе 39% құраған 1989 жылғы Қазақстан емес. Қазіргі Қазақстан 70% қазақтан тұратын жаңа Қазақстан. Қазіргі Қазақстан - қазақтардан тұратын Қазақстан!

Демек, енді "қазақ факторы" барлық салада рөл ойнайтын болады. Алдағы он жылда, бизнесте, мәдениет пен өнер, білім мен әскери сала, ғылым мен медицина және т.б 90% қазақтардан тұрады. Қазақстандағы саяси-қоғамдық қозғалыс бағытын қазақтар анықтайды. Қазірдің өзінде солай болып жатыр.

Ендеше биліктің есі дұрыс болса, онда ол осы шынайылықты мойындау керек және соған сай әрекет жасауы тиіс. Мемлекеттік кез келген бағдарламаны қабылдар алдында қазақ факторын ескеруі міндетті. Өтірік көпұлттылық дегенді қойып, он-он бес жылдан кейін орын алатын моноұлттылыққа дайындалу керек. Ол табиғи процесс.

Он жылда қоғам қазақ тілді болады. Өйткені урбанизация қаладағы қазақтың санын одан сайын арттырады. Олай болса біздің билік қазақтілді болуы керек. Өйтпесе қоғам мен билік арасындағы көпір үзіледі.
Қазірден бастап билік титулды ұлттың басындағы әлеуметтік мәселелерді(үй, білім, ауыз су, жол) шешіп, рухани азықты (Ашаршылық, Қуғын-сүргін күні, Тәуелсіздік мерекесі, Рәміздер күні) барынша күшейту керек.

Асхат Қасенғалидың facebook парақшасынан

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407