Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5444 0 пікір 30 Маусым, 2011 сағат 07:53

Түсінбестіктің төркіні неде?

Соңғы кездері «Қытай экспансиясы Қазақстанға қауіп төндіруде» деген сыңайлы пікірлер бұқара­лық ақпарат құралдарында жиі айтылатын болды. Бұрын да мұндай пікірді еститінбіз, бірақ анда-санда бір еститіндіктен бе, оған онша көңіл бөле қоймайтын едік. Тіпті осы соңғы кезде бұрын қазақ газеттері ғана сөз ететін осынау тақырыпқа орыстілді басылымдар да ой толғай бастапты. Олай болса, жұртты ерекше елеңдетіп отырған тақырыпқа біз де өз білім-білігіміз деңгейінде шолу жасап, бас тақырыпқа алынған сұраққа «иә», «жоқ» және «не істеу керек?» деген ретпен жауап беріп көрейік. Сонымен ...

Иә

Соңғы кездері «Қытай экспансиясы Қазақстанға қауіп төндіруде» деген сыңайлы пікірлер бұқара­лық ақпарат құралдарында жиі айтылатын болды. Бұрын да мұндай пікірді еститінбіз, бірақ анда-санда бір еститіндіктен бе, оған онша көңіл бөле қоймайтын едік. Тіпті осы соңғы кезде бұрын қазақ газеттері ғана сөз ететін осынау тақырыпқа орыстілді басылымдар да ой толғай бастапты. Олай болса, жұртты ерекше елеңдетіп отырған тақырыпқа біз де өз білім-білігіміз деңгейінде шолу жасап, бас тақырыпқа алынған сұраққа «иә», «жоқ» және «не істеу керек?» деген ретпен жауап беріп көрейік. Сонымен ...

Иә
Жұртшылықтың алаңдай­тын­дай реті бар. Әлемді түгел «жау­лауға» бет бұрған Қытай эконо­микасы Қазақстанда да қомақты үлеске ие. Айталық, елімізде өнді­рілетін жалпы мұнайдың 33 пайы­зы - Қытай инвесторларына тие­сі­лі. Бұл - Қазақстанның есе­бін­дегі «шы­ғыс» бөлігіне қа­тысты мәлі­мет. Жалпы, Қытайға экспорт­та­латын Қазақстан тауа­ры­ның құны 17,5 миллиард дол­ларды құрайды. Ал импорт­тай­тынымыз - 27,6 миллиард дол­лар­дың тауары. Осы мәлі­меттерге қарағанда, Қытай - біз­ден «мол алып» қана тұрған жоқ, бізге «мол беріп» те тұрған мемлекет. Қазақстанның экспорт-импорт тауар айналымында Қы­тай ең мол үлесті иемденетін әріп­тесіміз. Десек те экспорт-импорт арасындағы қалдық (сальдо) Қа­зақстан үшін пайдалы болмай тұр. Өйткені 10,1 миллиард доллар ва­лютамыз Қытайдан алатын экс­порт­тық түсімнен артық кетеді. Бұл бұл ма, таяу болашақта Қы­тай­дың бізден алатыны тіпті өсе түспек. Қазір цистерналап өткізіп жатқан мұнайымыз бен газымыз енді көп ұзамай тау өзені сияқты кең арнамен ағатын болады. Оған келешекте Қытай пайдаланатын атом электр стансаларының қы­рық пайыз отынын тағы Қазақстан береді. Не керек, Қытай бізден көп алып жатыр. Көп беріп те жатыр. Бірақ экспансиясы деп атайтындай ештеңе жоқ секілді. Біздің экономикаға құйылған Қы­тай инвестициясы Италия ин­вестициясынан да аз. Жалпы ал­ғанда, егер осыдан 20 жыл бұ­рынғы жағдайымызға қарайтын болсақ, сонымен салыстырғанда Қытай­дың Қазақстанға енуі бір­неше еселенген мөлшерде өскен. Ры­нок­тарымыз түгелдей дерлік Қы­тай тауарына сықасып тұр. Демек, алаң білдірушілер де «жел тұрмаса, шөптің басы қимыл­дамайды» де­ген­дей, көзбен көр­генді айтып жатыр.


Жоқ

Жалпы алғанда, Қытай-Қа­зақ­стан арасындағы әріптестік қа­рым-қатынасқа сауатты тұрғы­дан оң баға беруге болады. Бұл - «Қытай экспансиясы Қазақстанға қауіпті емес» деген сөз. Бірін­ші­ден, егер ол қауіпті көрінсе, бірін­ші болып айтуға тиісті жақ - Үкімет. Ол үнсіз. Тіпті ал­ыс-берісті ұлғайтуға ни­ет­ті. Екіншіден, осын­дай наразы­лық АҚШ, Еуро­одақ, Ресей се­кілді алпауыттардың лауазымды тұлғалары тарапынан білдірілуі тиіс. Өйткені шикі­заттық қойма іспетті Қазақстанда аталған ай­мақтардың бәрінің де мүддесі шо­ғырланған. Солай бола тұрса да, Қытай көп алып кетті деген сөзді не АҚШ, не Еуроодақ айта қойған жоқ. Ол ол ма, Ресей федерациясы тарапынан да мұндай наразылық естілмей тұр. Керісінше, Ресей федерациясы Қытай өздеріне де экспансиялап инвестиция құя түссе екен дейді. Бұдан шығатын қорытынды түп­теп келгенде, Қа­зақ­станда Қытай экспансиясының орын алып тұр­ғанын негізгі мүд­делі жақтардың өзі елеңдейтіндей дәрежеде емес деп білетіндігі.
Иә, ғылыми көзбен қараған адамға Қытай экспансиясы дейтін ұғым алаңдарлық қауіпті мәселе емес. Әрі-беріден соң «экспансия» дегеннің өзі байқалмайды. Мәсе­лен, бізге инвестицияны ең көп құйған мемлекет - Германия. Бі­рақ немістер экспансиясы туралы сөз қозғалмайды. Екінші орында - АҚШ инвестициясы. Осыған қарап «Қазақстанға АҚШ экспан­сиясы қауіп төндіруде» деген дауысты және естімедік. АҚШ-қа басты қарсыластар - Ресей мен Қытай бірдеңе дер еді ғой, бірақ қытайлар мүлде үнсіз. Ендеше, экономика ғылымындағы бір ақи­қат жекелеген мемлекеттердің келесі бір мемлекеттерге инвес­тиция құюы экспансия деп қарас­тырмайтынын алға тартқан жөн. Иә, мемлекеттер, кәсіпкерлер келісімшарттар бойынша қалаған мемлекеттерге, қалаған салаларға ашық нарықтық экономика жағ­дайында инвестиция құя алады. Бұл арада өзгеше мақсат болуы мүмкін емес. Көзделетіні - тек қана екіжақты тиімділік. Демек, «Ұлы Жібек жолын» жаңа заманға сай жандандыруды бірінші болып қолға алғанда тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Прези­денті екіжақты және көпжақты тиімділікті күні бұрын болжаған, сол болжам бойынша атқарылуға тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асуда деп ойлау керек. Бұл - Президент Н.Назарбаевтың көп­­тарапты сыртқы саясатындағы бір тармақ қана. Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Каспий теңізі арқылы Қап тауын көктей өтіп, Қара теңізге шығып, мұнайды Түркияға, одан әрі Еуро­па елдеріне жеткізетін жоба бой­ынша да жұмыс жасауда. Каспий теңізі және Түрікменстан арқылы Иранға шығып, одан Таяу Шығыс және Үндістан елдерімен сауда-саттық орнату да біздің бас жоспарымызда бар. Осындай сан тарапты жолдар арқылы бүкіл әлеммен тек қана Ресей арқылы байланысу тұзағынан құтыламыз. Мұндай адымды ашатын, өрісті кеңейтетін көп жобаның ішінен Қытай тармағын бөліп алып, «Қытай экспансиясы Қазақстанға қатер төндіреді» деу-ең сыпайы­лап айтқанда, байбалам және сая­си ұпай жинауды көздеушілердің бопсасы.
Көптарапты сыртқы саясаты­мыз­дың Қытай тармағы Қазақстан үшін қауіптіліктен гөрі пайда­лырақ секілді. Мәселен, Өзбек­стан мен Түрікмен газы Қытайға біздің транзиттік құбырымыз арқылы жетеді. Қытай тауары Орта Азиядағы көршілерімізге, Ресей федерациясына, Белоруссия мен Украинаға біздің транзиттік дәліз арқылы барады. Батыс Еу­ропаға да Қытай және Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінің өнімдері бізге транзиттік валюта кі­рісін түсіріп барып жетеді. Батыс­тың тауарлары да Оңтүстік Шығыс Азияға дәл осы жолмен жүріп, бізге транзиттік тасымал ақысын төлеп кетеді. Демек, Қытайға ше­карамызды ашу арқы­лы олардың біздің елге экспансия жасауына емес, Қазақстанның оңай олжа табуына жол ашып отырмыз. Мұндайды білімділер ешқашан да экспансия деп ата­майды. Орайы келгенде айта ке­тейік, ислам әлемі Қазақстанға таяу болашақта 120 миллиард дол­лардай инвес­тиция құюға ниетті екендіктерін мәлімдеді. Бұл - Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында елге кел­ген бүкіл шетелдік инвестицияға тең мөл­шердегі мол қаражат. Соны естіп-біле тұрса да, ислам дүниесінің негізгі қарсыласы АҚШ тара­пынан «Қазақстанға ислам экс­пансиясы басталды» деген сөзді де айтқан жоқ. Өйткені бір тарап­тың келесі бір тарапқа инвестиция құюы нарықтық эко­номикада қа­лыпты жағдай сана­лады. Олай болса, Қытайдың бізге мол мөл­шерде инвестиция құюды бастауы қауіпті экспансия емес.


Не істеу керек?
Қалай болғанда да, қазірге дей­інгі Қытаймен сауда-саттық қара­­пайым жұртқа «әділетсіз» көріне­тініне түсіністікпен қарау керек секілді. Өйткені Қытайдың бізден алатыны-тек қана шикізат. Ал біз­ге беретіні-тек қана қосым­ша құны мол соңғы өнім. Сон­дықтан да бұл елмен сауда-сат­тығымыз да 10,1 миллиард доллар мөлшерін­дегі тиімсіз айырмашы­лық қалып­тасқан. Міне, осы ай­ыр­машы­лық­­ты жоюға талпынуы­мыз ке­рек. Оны қалай жоюға болады? Біздің ойымызша, бұл үшін мақ­сатты Қытай инвести­циясына кең жол ашу қажет:
а) Қытай-мұнай-газ химиясы ерекше дамыған ел. Ендеше, Қазақстанда мұнай-газ химиясы кешенін құру ісінде Қытай жағы инвестицияға консенсустық әріп­тес ретінде тартылғаны жөн. Мә­се­лен, аталмыш кешеннің жалпы құны 10 миллиард доллар тұрады десек, соның 5,1 миллиард дол­ларын Қазақстан шығарсын да, қалғанын Қытай түсірсін. Сонда біз Қытайға шикі мұнай мен газды ғана сатып қоймай, полимерлер де сататын боламыз. Ал одан түсетін кіріс әлдеқайда мол.
ә) Қытай жағымен таяу бола­шақтағы келіссөздер барысында біздің экономикаға құйылатын инвестиция теңге күйінде болуын заңдастыруға тиіспіз. Сондай жағ­дайда елімізден валюта шық­пай­тын болады. Әрі Қытаймен сау­да-саттықта ұлттық валюта­лардың төлем құралы болуына негіз қаланады. Мұндай жағдайда теңгенің өрісі кеңейеді.
б) Қытай жағының біздегі индустриялық-инновациялық бағдарлама нысандарына консен­сус­тық жүйе бойынша инвестиция құюы жан-жақты пайдалы бола­ды. Яғни осы арқылы Қытай өзі­не мол пайдалы бір арна тапса, біз Қытайдың инвестициясы арқылы экспорттық әлеуеті күшті, қосым­ша құны мол тауарлы өндіріс жа­сап аламыз.
в) Қытайға металл сынықтары дейтінді экспорттауға түпкілікті тыйым салынғаны жөн. Оның есесіне Қытай жағы біздің елде тағы да сол консенсустық жүйе бойынша металл сынықтарын қайта қорытатын пештер салып, жаңа өндіріс орнын ашсын.
Қорыта айтқанда, Қытаймен арадағы күн озған сайын кеңейе түскен алыс-беріс арнасына тос­қауыл қою керек деген сөз - білім­сіздердің далбасасы. Бірақ осы сауданың өзін екі елге де пайдалы және олардың бірде-бірі ұтылмай­тындай етіп орайластыру жұмыс­тарын жүргізе берген жөн. Мұның өзі - Қазақстан үшін басты қажет­тілік.


Экспансия емес, интеграция

Қазақстан мен Қытай арасын­дағы экономикалық байланысты экспансия деуден гөрі жаһандану заманындағы аймақтық ауқымды интеграция деу керек секілді. Әрине, Қытайдың Қазақстанға құйған инвестициясы АҚШ, Германия құйған инвестициядан әлдеқайда аз. Ал біз бұл мем­лекеттердің Қазақстанға келуін экспансия демейміз ғой. Бұл - бір. Екіншіден, биылғы Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы мереке­лік саммиті кезінде Астанада Қы­тай басшысы мен біздің Елбасы­мыз экономикалық байланысты одан әрі нығайтып, стратегиялық әріптестік деңгейіне дейін көте­руді заңдастырды. Бұл бойынша 2020 жылға қарай екі ел арасын­дағы тауар айналысы 40 миллиард долларға жетпек. Интеграция осын­дай қуатты күшке ие болған­да, оны экспансия деп байбалам салу - ең сыпайылап айтқанда, жағдайды түсінбестік.

Таңшолпан БЕКБОЛАТ

aikyn.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963