Сенбі, 23 Қараша 2024
3137 3 пікір 21 Маусым, 2019 сағат 10:43

Еуроодақ Қырым аннекциясына байланысты санкцияны тағы бір жылға созды

Еуропа одағы (ЕО) Ресей тарабынан аннексияланған Қырым мен Севастопольға қарсы кіргізілген санкциялардың мерзімін тағы бір жылға ұзартты.

Мұндай шешім аталған аймақтардың 2014 жылы Ресей тараптан «заңсыз тартып алғанына қарсы жауабы ретінде» қабылданған. Еуроодақ Қырым мен Севастополь Украинаныкі деп есептейді.

​Санкциялар ЕО-ға мүше елдердің азаматтары мен компанияларына Қырымға өнімдерін импорттауға, транспорт, телекоммуникация және энергетика саласындағы тауарлар мен технологияларды экспорттауға тыйым салады. Мұнан бөлек еуропалық компанияларға Қырымда туристік бизнес жүргізуге болмайды.

Бейсенбі күні тікелей эфирде азаматтардың сұрақтарына жауап берген Ресей президенті Владимир Путин санкциялардан Батыс елдері Ресейден кем емес шығынға батып отырғанын айтты. Путиннің пікірінше, кейбір шектеулерден Ресей керісінше пайда тауып келеді, атап айтқанда, ел экономикасы бірқатар саласын мобилизациялай алды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401