Заңды тұлғаны портал арқылы санаулы минутта тіркеу болады
Бүгінгі күні «Электрондық үкіметтің» порталы арқылы шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын және қалыпты жарғы негізінде өз ісін жүргізіп отырған заңды тұлғаны тіркеуге болады.
Аталған қызмет автоматтандырылған. «Электрондық үкімет» заңды тұлғаларды тіркеуде оптималды жағдай жасауда. Бұл өз ісін жаңадан бастағалы тұрған кәсіпкерлерге оперативті түрде өз кәсібін тіркеуге мүмкіндік береді.
Айтып өту керек, аталған мемлекеттік қызметке мемлекеттік төлемақы төленеді. Ол үшін банкке жүгіріп, кезек күтудің қажеті жоқ. Төлем карточкасы арқылы порталдың өзінде транзакция жүргізуге болады.
Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуге тұрғаны туралы куәлікті 1 күннің ішінде алуға болады. «Электрондық үкімет» порталы арқылы өтінім беруге бірер минутыңызды жұмсайсыз. Өтінімді толтыру кезінде жылжымайтын мүлікті таңдайсыз, толтырылған мекен-жай кейін тіркелген компанияның заңды мекен-жайы болып есептеледі. Жылжымайтын мүлік автоматты түрде МДҚ-дағы (мемлекеттік деректер қоры) Жылжымайтын мүлік тіркелімінен тексеріледі. Егер жылжымайтын мүлік компания басшысының немесе құрылтайшысының жеке меншігі болып есептелсе, бірінші кезекте, жылжымайтын мүлік туралы сұраным жолдау керек. Бұдан кейін, өтінімде заңды тұлғаның барлық реквизиттері (атауы, кәсіп түрі, штаты, жарғылық капиталы) көрсетіледі.

Тіркеу куәлігін тіркеуші органнан аласыз. Қазіргі уақытта бұл қызмет түрі электрондық нұсқада барлық тұлғалар үшін көрсетіледі. Шетелдік азаматтар(резидент еместер), Қазақстанда тұруға рұқсат етілмеген азаматтар мен жасөспірімдерге ғана көрсетілмейді.
ҚР БАМ Баспасөз қызметі
/7172/ 74-10-04
mci.gov@gmail.com
www.mci.gov.kz