Сенбі, 23 Қараша 2024
3347 0 пікір 24 Маусым, 2019 сағат 14:50

Түркістан облысының әкімі халықты сабыр сақтауға шақырды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тұрғындарды сабырлы болуға шақырды. Облыс өкімі қалада толық эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Аудан әкімдеріне тұрғындарды эвакуациялауға жағдай жасау жөнінде тапсырма берілді. Олар сол мәселені шешеді. Барлық аудандар жұмысқа атсалысуда. Барлық бағытта колонналар жүріп, адамдарды жинайды. Аудан әкімдері тұрғындарды орналастырумен айналысады", - деді Шөкеев.

Айта кететін жайт, Арыс қаласының жұртшылығына көмектесуге Шымкенттен адамдар аттанған. Қала тұрғындары өздерімен бірге су мен азық-түлік апара жатыр.

Еске сала кетейік, бүгін, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды.

Бұл жағдай қала тұрғындарын дүрліктіріп, зәресі ұшқан тұрғындар жаппай қаладан кете бастады.

Қорғаныс министрлігі зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс, ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырды.

Орын алған төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданында арнайы медициналық штаб құрылды.

Дереккөз: Nur.kz

Abai.kz
0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373