Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 4652 1 пікір 25 Маусым, 2019 сағат 13:51

2009 жылы Арыстағы жарылыс кезінде 3 адам қаза тапқан

Арыс мәселесі 2009 жылы көтерілген екен.
Осы уақыт аралығында ҚР Қорғаныс министрлігін басқарған жандар:
Даниал Ахметов - 10 қаңтар 2007 — 17 маусым 2009
Әділбек Жақсыбеков - 24 маусым 2009 — 2 сәуір 2014
Серік Ахметов - 3 сәуір 2014 — 22 қазан 2014
Иманғали Тасмағамбетов - 22 қазан 2014 — 13 қыркүйек 2016
Сәкен Жасұзақов - 13 қыркүйек 2016 - 7 тамыз 2018
Нұрлан Ермекбаев - 7 тамыз 2018 ден қазіргі күнге дейін.

2009 жылы Арыстағы жарылыс кезінде 3 адам қаза тауып, 17 адам жараланған. Бұл дәл кешегідей шу туғызбаған секілді болып көрінер. Себебі, ол кезде екінің бірі интернет желісінде отырмайтын. Қолдарында заман талабына сай келетін смартфон жоқтың қасы еді. Дегенмен, сигнал түсті. неліктен ол сигналға бей-жай қарадық?

Біз сұрау салып, талап қояр болсақ сол кезеңдердегі Қорғаныс министрлерінен бастауымыз қажет. Тіпті, Елбасының өзі де қалыс қалмауы керек. Сол кездегі Парламентте болған "халық қалаулылары" неге мәселе көтеріп табандап жатып алмаған?

Ал, бүгін барлық балалар ата-анасымен қауышты деп ресми мәлімет беріп отырған Ішкі Істер министрінің өзі де, баспасөз хатшысы да орнын босатқаны жөн. Халық жалған ақпаратқа тойған. Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам. Оның үстіне азаматтық журналистика дамыған тұста шын ақпаратты тұсаулау мүмкін емес. Ескі әдіспен жұмыс істеуді қою керек.

Достар, осының бәрі қазіргі жүйенің іштен шірігенін көрсетеді. Жүйеде жақсы адамдар жоқ емес, бар. Тек, жалғыздар жүйеге жұтылып кетеді немесе жүйенің бір винтигіне айналады. Біздің Республика қозғалысын құруымыздың бақсы мақсатының бірі осы. Халық бар мәселеде ашық ақпарат алуы керек. Билікшіл кәрі-құртаң мен олигархтардың орнына орнына халықтың арасынан шыққан мемлекетшіл жастар баруы тиіс.

Айсұлтан Жақыптың facebook парақшасынан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329