Жұма, 22 Қараша 2024
Күбіртке 7811 21 пікір 26 Маусым, 2019 сағат 10:08

Ұлттың соры

Арагідік орыс тілді қандастарымыздың жоқ жерден «жау табатын әрекетін» Қазнеттен ұшыратып қалған шағымызда әдебиет алыбы Ғабиден Мұстафиннің: «Бұрын ұлтшылдықпен күресуші едік, енді ұлтсыздықпен күресетін болдық» деген аталы сөзі ойға оралады. Осы жолы жұртты дүрліктірген Еркин Сарсенбаевтың «Откуда в Казахстане пошел национализм?» атты мақаласы болды. 

Мақала авторы ештеңенің байыбына бармай жаһандастыру кербалығына жұтылып кетпеуі үшін әр ұлттың өз орны мен тарихын түгендеуін ұлтшылдыққа балайды екен. Өз басым ең қазақы қала Қызылордада тұрсам да осыдан 15 жыл бұрын орыстан бөлек басқа ұлттарды да кем-қор көрмейтін Қазақстанда ұлтшылдық мүлдем болған жоқ еді. Енді ұлтшылдықтың жұқпалы ауруы «Қазақстан қазақтар үшін» деген ұранды тудырды деген автор өз өмірінен мынандай үзікті мысал келтіреді:

"Откуда же тогда пошла эта зараза - Казахстан для казахов?

Много чего говорят на эту тему. Ну а я вспоминаю как много лет назад мы с родственниками смотрели по телику как в одной восточноевропейской стране рушат памятники советским воинам-освободителям от фашизма.

Родственники помню тогда сильно возмущались - Наши деды их освобождали, жизни за них клали, а они вот что делают. Как так можно?

Я в то время был демократом и говорил родственникам - Их страна, что хотят то и пусть делают.

И вот прошло не очень много времени и мои старшие родственники вдруг стали закоренелыми националистами. Стали вспоминать о голодоморе, о том, что казахов на убой посылали в Великую Отечественную и сталинских репрессиях.

Как будто через это одни только казахи прошли!

На мои попытки объяснить, что время такое было и никто специально именно казахов не уничтожал родня меня обзывала "ақ құлақом" (то бишь русским) и я больше не пытался.

А теперь только я и понял, когда у моей родни и начался этот истеричный национализм" деген өз түйіндеуін жасайды.

Еркін Сарсенбаевтың пікіріне ден қоятын болсақ, екі бірдей қанды қырғынға ұшыраған ұлтымыздың жоғын жоқтаушылар аузынан көбік аққан жарымес милетшілер болып шыға келеді екен.

КСРО-дағы барлық ұлтты түрлі деңгейде аштыққа ұрындырып, соның ішінде алаштың 70 пайызының басын жалмаған Сталиннің қылмысты режімі әуелі Гитлермен ауыз жаласып, кейін әлемді шарпыған соғыста бір жауды құртуда 10-15 сарбазды шейіт еткізу арқылы орынсыз төгілген солдат қанымен, тылда ашқұрсақ 9-10 жасар балалар еңбегін құлданып жеңіске қол жеткізді. Ұлттық фашизмнің орнын таптық фашизммен алмастырғанын Шығыс Еуропа халқы қалаған жоқ. «Фашизм – тәнді өлтірсе, Коммунизм – жанды өлтіреді» деген нақылды өмірге әкелген де сол елдердің зиялылары. Кеңес әскері Гитлерді жеңген соң, біздің аймақтан өз шекарасына біржола кетеді деген пікірмен «жалған азат етушілерді» құшақ жая қарсы алды. Үміттері алданған аталары үшін бүгінгі Шығыс Еуропа халқы басқыншы елдің әскерінің зираттарын керексіз етуде. Оған кінәлі бүгінгі РФ ұстанған бағыты. Жаулаушылық саясаты.

Шығыс Еуропа халқы еш кінәсіз солдат мүрдесін қорлауды ойға алып жатқан жоқ, тек оларды осы қанды қасапқа түсірген Сталин мен Гитлерге қарсы тарихи реваншистік саяси қарсылығын танытып жатыр. Жалған саяси ұранның жетегінде кетіп бейкүнә зеңберек жемі болғандар және адамзаттың зұлымы атанып соғыс отын тұтаушы атанғандар екі бөлек нәрсе. Қандасымыздың осыны түсінбей РФ ақпараттық лағындығының жетегінде кетуі көңілді күпті етеді. Орыс тілді қазақты қазақ тілді қазаққа айдап салудан тек бұрынғы отаршыл ел ғана ұтады.

Интернет кеңістігінде әсіресе «ашаршылық» тақырыбына қатысты Ресей мүддесін көздеп қазаққа тас атушыларды жауапқа тартатын кез келді. Бірақ бұған бүгінгі билік құлықсыз.

Әбіл-Серік Әлиакпар

Abai.kz

 

 

21 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320