Жұма, 22 Қараша 2024
3530 0 пікір 26 Маусым, 2019 сағат 10:27

Н.Нығматулин: Арыс, Біз біргеміз!

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин оқ-дәрі базасында болған жарылыстар нәтижесінде зардап шеккен Арыс тұрғындарына көмек көрсету үшін жиналған барлық қазақстандықтардың бірлігін атап өтті.

Бүгін Палатаның жалпы отырысын ашқан Мәжіліс Төрағасы барлық депутаттық корпустың атынан зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтып, төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге қолдау білдірді.

Баршаңызға белгілі, осы күндері бүкіл қазақстандықтар, бір ел болып, бір халық болып, Арыс қаласы тұрғындарына қолдан келген көмекті  көрсетуде. Соның ішінде,  Мәжіліс депутаттары да бірінші күннен бастап осы оқиғадан тыс қалған жоқ. Депутаттар өздерінің бір күндік жалақысын арнайы көмек көрсету қорына аударды, – деді Палата Спикері.

Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасы кешеден бастап бір топ депутаттардың халықпен кездесуі үшін Арыс қаласына жол жүріп  кеткенін айтты.

- Баршамыздың ниетіміз осы Арыс қаласының тезірек қалпына келіп,  тұрғындар жағдайының тезірек жақсаруы біздің ендігі тілегіміз, - деді Н. Нығматулин.

(Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ж. Құспанов)

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329