Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
4429 0 пікір 26 Маусым, 2019 сағат 11:17

Трамп Путинмен апта соңында Жапонияда кездеседі

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен осы апта соңында Жапонияның Осака қаласында өтетін "үлкен жиырмалық" саммитінде кездеседі.

Трамп мұнда Путинмен ғана емес, тағы бірнеше елдің басшыларымен жеке кездесу өткізеді. Бұл туралы АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды өкілі хабарлаған.

Атап айтқанда, Трамп ҚХР төрағасымен, Сауд Арабисының мұрагер ханзадасымен, Түркия президентімен кездеседі. Жүздесулердің нақты уақыты хабарланбады, өйткені Дональд Трамптың саммиттегі бағдарламасы әлі дайындалып жатыр.

Өткен аптада Путин АҚШ пен ЕО санкцияларынан Ресей 2014 жылдан бері 50 миллиард доллар шығынға батқанын мойындады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1230
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2758
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 884
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 836