Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3531 0 пікір 4 Шілде, 2011 сағат 13:21

Менің тапсырмаларымның уақтылы орындалып жатқанына қуаныштымын - Елбасы

ТАРАЗ.   4 шілде.  ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Менің тапсырмаларымның   уақтылы  орындалып жатқанына қуаныштымын»,  - деді Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жалпыұлттық телекөпір арқылы Жамбыл облысындағы Ақбақай алтын өндіру фабрикасының  өнімділігін арттыру  жобасын іске  қосу рәсімінде.

Қазақстанда    пайдалы  қазбалардың,  оның ішінде    бағалы металдардың мол  екенін атап  көрсеткен  Елбасы, алтын өндірісі   дұрыс жолға   қойылды, енді   оның өндірісін  арттыру  керек және   сондай жобалардың бірі  жылына 2,8 тонна алтын балқылатын    Ақбақай   комбинаты болып табылады,     деді.

«Алтын алмас» АҚ-ның  Ақбақай  алтын шығару   фабрикасы      толық қайта салынып шықты,    ол 100  пайыз  дайын, - деп    есеп берді  Елбасына  Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев.

Кәсіпорын  жыл  сайын 2,8   тоннаға дейін алтын қорыта алады.   Республикалық    Индустрияландыру   картасына енгізілген Ақбақай    кен байыту  комбинаты   2011 жылы Жамбыл  облысында  Мемлекеттік    үдемелі индустриялық және инновациялық  даму   бағдарламасының аясында   жүзеге асырылып жатқан сегіз жобаның бірі.

Елбасы жобамен телекөпір арқылы танысып шыққан соң, нысанды қосуға рұқсатын беріп, өңір халқын құттықтады.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1393
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2970
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1041
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 972