Сенбі, 23 Қараша 2024
3666 0 пікір 2 Шілде, 2019 сағат 18:51

Қызылордалықтар жылыжай жұмысын жандандырмақ

Сыр өңірінде жылыжайлардың жұмысын жандандыру қарқынды жүргізілуде,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Ал бүгінгі таңда облыста егін егу жұмыстары толық тамамдалған. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Маржан Өмірбаева мәлімдеді.

– Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керектігін атап көрсеткен болатын. Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, облыстың агрокартасы бойынша биыл агроөнеркәсіп кешенін дамытудың нысаналы индикаторлары белгіленді. Агрокарта аясында облыстың ауыл шаруашылығы саласында бірқатар ірі жобалар іске асырылды. Қазіргі күні өңірде егін егу жұмыстары толығымен аяқталды. Биыл барлығы 183,8 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналасып, межеден 5,2 мың гектарға артық орындалды. Агрокарта бойынша, биыл облыста егілген майлы дақылдар көлемі 7 мың гектарды, мал азықтық дақылдар көлемі 62,7 мың гектарды құрады, - дейді басқармаса басшының орынбасары.

Сондай-ақ, ол Қызылорда облысында жалпы көлемі 10,5 га құрайтын барлығы 164 жылыжай барын жеткізді. Қолда бар жылыжайлардың 90-ы нақты жұмыс істеп тұр. Бүгінде өңірде жылыжай шаруашылығын дамыту жөнінде арнайы іс-шаралар қабылданған екен. Соның арқасында биыл жаңадан қолға алынған және жұмысы тоқтап тұрған жалпы көлемі 6,395 га болатын 43 жылыжайды іске қосу жоспарланып отыр.

Былтыр сырбойылық диқандар 34,5 млн долларды құрайтын 95,8 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортқа шығарған.

Тағы бір айта кетерлік жайт, 2018 жылдан бастап экспортталатын өнім түрлері ұлғайтылып, Қытай, Түркия, Араб Әмірлігі мемлекеттерінің нарығы игерілуде. Биыл сыртқы нарыққа бағытталған жобалық құны 5,4 млрд теңгені тұратын 9 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарда бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377