Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3506 0 пікір 4 Шілде, 2011 сағат 13:24

Қазақстан-Словакия Алаайғыр кен орнының қорғасын кендерін игеру үшін бірлескен кәсіпорын құрады

АСТАНА.  4 шілде. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен ASTANA MINING & METALLURGY атты 2-ші халықаралық  тау-кен металлургия конгресі аясында «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ-ымен Radington Industrial Consulting s.r.o. (Словакия) арасында Қарағанды облысындағы Алаайғыр кен орнының қорғасын кендерін игеру жобасын бірлесіп іске асыру мақсатында Ынтымақтастық принциптері туралы келісімге қол қойылды.

Аталған келісімге сәйкес тараптар тепе-теңдік негізде бірлескен кәсіпорын құратын болады. Жұмыс бағдарламасын орындау аясында тараптар зерттеуді, жобалауды және пайдалануды қоса алғанда, барлық сатыда мердігерлік компаниялар ретінде қазақстандық компанияларға басымдық береді. Пайдалы қазбаларды алудың және қайта өңдеудің заманауи технологияларын және еуропалық инвестицияларды тартуды, сондай-ақ қаржылық-экономикалық және технологиялық орнықтылықты ескере отырып, жетекші өндірушілерден техника және жабдық сатып алуды қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, «Тау-Кен Самұрық» АҚ Қазақстанда тау-кен активтерінің ұлттық операторы болып табылады және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ компаниялары тобына кіреді.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1393
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2971
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1041
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 972