Сенбі, 23 Қараша 2024
2907 0 пікір 3 Шілде, 2019 сағат 11:33

Арыс тұрғындарына ақшаның бір бөлігі арнайы қордан беріледі

Әскери қойма жарылған Арыс қаласының тұрғындарына алдағы екі аптада қаржылай көмек төленеді. Бұл туралы 1 шілдеде Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын жою туралы брифингте Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев хабарлады.

Оның сөзінше, жақында Арысқа келген премьер-министр Асқар Мамин өткізген жиында қаланың 44781 тұрғынына 100 мың теңгеден беру жөнінде шешім қабылданған.

"Кішкентай сәбиден бастап зейнеткерлерге дейін аталған ақша беріледі. Бұл мақсатқа төрт миллиард 478 млн 100 мың теңге қажет. Оның бір миллиарды облыстық бюджеттен бөлінеді. Екі миллиард теңге республикалық бюджеттен, қалған қаражат "Түркістан" корпоративтік қорына түскен ақшадан жұмсалады" деді облыс әкімінің орынбасары.

Аманбаевтың сөзінше, әзірге аталған қорға түскен ақша жұмсалмаған.

"Ол Арыс тұрғындарына жұмсалады. Қаладағы арнайы мәліметтер базасы арқылы 44781 адамды анықтап, қаражатын аударамыз" деді Жолдымұрат Аманбаев. Ол бұл жұмыстар екі апта уақыт алатынын айтты. Әкім орынбасары көмек ақша алу үшін "еш құжат жинаудың қажеті жоқ, әрбір тұрғын анықталып, тиісті қаражатты алады" деп мәлімдеді.

Қазақстан үкіметі сейсенбі күні бекіткен 2019 жылғы республикалық бюджетке түзетулер енгізу туралы заң жобасында үкіметтің резервтік қорын 72,9 миллиард теңгеге (191,8 миллион доллар) ұлғайту көзделген. Бұл қаржының бір бөлігі Арыстағы жарылыс салдарын жоюға жұмсалмақ.

24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери қойма жарылды. Ресми мәлімет бойынша, жарылыстан үш адам (Арыс тұрғыны мен екі әскери) қаза тауып, 400-ден астам адам дәрігер көмегіне жүгініп, 80-тен астам азамат ауруханаға жатқызылған. Ресми мәлімет бойынша, Арыстағы үйлердің 85 пайызы бүлінген.

Қазақстан үкіметінің хабарлауынша, жарылыс болған күні 39 мың адам өз күшімен қаланы тастап шыққан, үш мыңнан астам адам Түркістан облысы әкімдігі ұсынған автобустармен Шымкентке жеткен. 27 маусымда Шымкентте шеруге шыққан жүздеген арыстық соңғы он жыл ішінде төртінші рет жарылыс болған Арыс қаласына бармайтынын айтып, биліктен өздерін басқа жаққа көшіруді талап еткен.

28 маусымда көрші елді мекендерді уақытша паналаған арыстықтар үйлеріне оралды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377