Президент Астанадағы форум барысында «халықтық құрылыс» атанған екі маңызды жобамен тікелей байланысқа шықты
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Астанадағы «Көрме» кешенінде «Қайратты көшбасшы - қуатты бизнес» форумы барысында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев «халықтық құрылыс» атанған екі жобаның құрылыс алаңдарына тікелей байланысқа шықты.
«Онлайн» режиміндегі шара барысында Ел Президенті Алматы облысында құрылысы жүріп жатқан «Жетіген-Қорғас» темір жолының жұмыс барысымен танысты. Жетіген-Қорғас желісінің ұзындығы - 293 шм. Жоба бойынша 14 жаңа бөлек пункттер ашу қарастырылған. Жобаның қазақстандық қамту көрсеткіші 80 пайыздан асады. Құрылыс жұмыстарына 1 700 бірлік құрылыс техникасы, тартылып, 5000-нан астам жұмысшы қамтылған. Бірінші өткізу кешенінің құрылысын аяқтау және жұмыс қозғалысының ашылуы 2011 жылдың желтоқсанына белгіленген.
Бұдан соң, Президенттің телекөпір арқылы қатысуымен Павлодар облысындағы «Екібастұз 2-ші МАЭС-ін кеңейту және қайта жабдықтау» жобасының тұсауы кесілді.

Бүгінгі форум аясындағы телекөпір барысында индустрияландыру картасының 8 жобасы көрсетілді. Жалпы индустрияландыру картасына құны 8,3 трлн. теңге 469 жоба кіреді. Жобаларды іске асыру барысында 141 мың жұмыс орыны ашылады. Кәсіпорындарды пайдалану кезінде 166 мың адам тұрақты жұмыс істейді. Тоқтала кететін жайт, өткен жылы - Елбасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының бірінші кезеңінде - 152 инвестжоба іске қосылған болатын. Бұл жобалар қазірдің өзінде ұлттық экономиканың бәсекелестігін арттырып, әртараптандыру үрдісін үдете түсті.
Индустрияландыру тек жобалар ғана емес. Бұл - Қазақ елінінің жағымды инвестициялық және бизнес ахуалы қолайлы беделін қалыптастыруға бағытталған қаржы-несиелік, фискалдық, тарифтік экономикалық саясат. Мемлекет тек міндет қоймай, қаржы және қаржылық емес ресурстарды қарастырып келеді. Бүгінде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жүздеген тетік іске асырылып отыр. Олар - инвесторларды, инноваторларды, экспортаушы компанияларды колдауға бағытталған және «Бизнестің жол картасы-2020» мен «Өнімділік-2020» бағдарламалары.